САУСАҚ ӨЛШЕМІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Саусақ өлшемін анықтау үшін кез келген жіп не сол тәріздес жіңішке нәрсені алыңыз. Саусақты айналдыра жанастырып, түйіскен ұшын белгілеңіз. Сызғыш не метрлік өлшегіш үстіне қойып, белгіленген кесінді неше миллиметр екенін анықтаңыз.
47-48 мм болса, саусақ өлшемі – 15;
48-49 мм – 15,5;
49-50 мм – 16;
50-52 мм – 16,5;
52-53 мм – 17;
53-55 мм – 17,5;
55-56 мм – 18;
56-58 мм – 18,5;
58-59 мм – 19;
59-61 мм – 19,5;
61-63 мм – 20.
Саусақты мынадай жағдайларда өлшемеген дұрыс:
- таңертеңгілік мезгілде;
- спортпен айналысып болған соң;
- ауа райы тым ыстық не суық кезде.
Мұндай кездерде саусақ өлшемі құбылмалы болады да, нақты мөлшерді ала алмауыңыз ықтимал.