ОТҚА ОРАНҒАН ТРАКТОРИСТЕР
Мен қайғылы да асқақ, әдемі әрі қорқынышты оқиғаны баяндап берейін. Айқас пен жеңіс, ажал жайлы оқиға. Ажал деп айтуға болмайтын ажал туралы.
«Отқа оранған тракторист».
Бұл сөздер ең алғаш газет бетінде «Жаңа жол» коммунасының комсомолы Петр Дьяковты кулактар үстіне бензин құйып өртеп жіберген кезде жарияланған болатын. Енді міне бұл сөзді астық үшін айқасқан коммунист Петр Дьяковқа Ленин орденін тапсырған кезде қайталады. «Отқа оранған трактористер» деген сөзі мен «Известия» газетінен тағы кездестірдім, сөйтіп бұл оқиғаны баяндау үшін қазақ даласына аттандым. Мен енді осы нан үшін болған күресті баяндайын.
***
Бетегеден өткен нәзік шөп жоқ шығар. Мамықтай жұмсақ үпілдірік бетіңді қытықтап, еркелетіп қояды. Даланың бетегесі жайлы өлең де бар. Бірақ, осы өлеңді шығарушы бетеге туралы жақсы білмейтін болу керек. Оның дәні ирелеңдеп келген, ал ұш жағы жұмсақ. Міне осы дәннің ұш жағы қойдың жүніне оратылып қалады да денесіне бойлай кіре береді, сөйтіп қойды өлтіреді. Сондықтан оны ажал шөп деп те атайды. Тек бұл емес. Мамық үпілдірік мылтық дәрісінен де тез тұтанады. Сіріңке де керегі жоқ. Егер осы бетеге шөпке тисе онда ол лап ете қалады.
...Ұзындығы 50 шақырым, ені 50 шақырым. Бұл Москвалық комсомол жастарының егістік жері. Ал, әрі қарай бетеге шөп. Мыңдаған шақырым бетеге мен қураған ағаштар жайлаған жер.
Қазақ даласында күн күйіп тұрады. Үш ай бойы бір тамшы жаңбыр тамған жоқ. Күн қызуы мен жер бетіне жарық түсті. Шөптер жіңішкеріп, бетеге шөптер солғын тартып, қу ағаштар сынып жатты. Далада оттай ыстық аптап тұрды. Одан кейін жел келіп жетті. Ол ұйытқи соғып, шөптерді жапыра, қаңбақтарды өте биікке лақтырып, құдды бүлдіретін тағы бірдеме іздегендей аласұрды. Совхоз егістігінен жиырма шақырымдай жерде темекі тұқылы тасталыныпты. Ұйытқыған жел оны да бетеге шөпке апарып тастайды. Лап етіп жанған жалын жол жиегімен лаулайды. Лаулаған от орасан жылдамдықпен жылжиды. Алыстан қарағанда бұл қызыл із тастап келе жатқан комета тәрізді болатын. Енді бұл жалын ұзындығы 5 шақырымға жететін отқа айналған тізбек десе болар еді. От тізбегі ұлғая келе, бар күшімен совхоз егістігіне қарай жылжыды. Бригадир Владимир Дмитриевич Котешков өз иелігіндегі жерді трактормен аралап жүрген. Егін жинау науқаны аяқталуға таяу. Орылып болмаған бір бөлек қана жер бар еді, шамасы мың гектар. Көкжиектен ұзына бойы жалын көрінеді, бұл сол жаққа қарай асықты. Бұл жердің шекарасында трактор тұрды. Тракторист жерге қарғып түсті де, соқаға жүгіріп барып, бірденені бұрады да трактормен келе жатқан Котешковқа қарай бұрылды. Бұл Коля Грибов болып шықты. Мынау қорқынышты минутта оның немқұрайлы күйі мұны таң қалдырды. Бір-екі ауыз сөзден кейін олар үнсіз түсіністі. Олар егістіктен кетуге тиіс емес. Бұл олардың наны, сол сияқты жолдастарының да наны. Бұлар олармен бірге жатып, бірге тұрады, бірге осы жерге еңбектері сіңді. Мыңдаған жылдардан бері тың жатқан жерді игерді, маңдай терімен суарды. Жерге тасталған әрбір дәннің шыққанына қуанды. Күннің ыстығына шыдамай қуаң тарта бастаса ренжіді. Кешқұрым егістіктен қайтар кезде бөшкедегі артылған суды далаға тастамай, осы өскен дақылға себетін. Күннің ыстығы орасан болып, егінді қуратып жатса да бұлардың бригадасының өнімі совхозда ең алдыңғы орында болатын. Тіпті, көрші совхоздардан озық тұратын. Сонымен қатар бұл егістік қана емес, болмаса материалдық құндылық қана емес, бұл олардың ар-ожданы, тың игерушілердің мақтанышы, Лениншіл комсомолдың мақтанышы. Отан үндеуіне берген жауабы еді, өмірі еді. Олардың әкелері соғыста әрбір сүйем жер үшін қалай шайқасса, бұлар да астықтың әрбір дәні үшін солай шайқасуға әзір еді. Егістіктің жиегімен ұзына бойы жаңа жыртылған жер көрінеді. Бұл өрттің әрі қарай жайылмауы үшін жасалған шара еді. Бірақ мынадай орасан өртке бұл түк емес еді, мұны бұлар да түсінді. Бетеге шөптің үстімен екінші қатар жырту керек болды, бұл алдыңғысына параллель болуы тиіс. Арасы бір-бірінен жиырма метрдей, жалын бұл жерге жетсе де бұрынғыдағыдай лаулай алмас еді. Немесе сөнуі де мүмкін еді. Владимир соқаға отырды. Бұл жер қауіптірек. Ал, Коля трактордың кабинасына барып отырды. Оң жақта 6 шақырымдай жерде жалын лаулап жатты. Ал, сол жағында желдің күшімен бидай бастарын жерге сабалап тұрды. Трактор тіп-тік жылдам жүріп келе жатты. Владимир соқаның тісін терең де қылмады. Бұл моторға күш түсірмеу үшін еді. Таяз да қылмады. Өйткені, қалай болғанда да жер қыртысы аударылу керек. Жыртылған жерге енді жүріп өтуге тиіс жерді жақындап отқа қарап үлгере алатындықтарын түсінді. Мынау оттың толқыны жақын кеп қалды. Тіпті, жылдамдығы күшейген. Жалын бұрынғыдағыдай жер бауырламайды да. Тіп-тік жоғары шаншылып тұр. Осылай болуға тиіс те еді. Жел құтырына ұйытқиды. Орасан оттың шеті жарты шеңбер жасап, алға ұмтылды. Ал, ортасына қарай бірнеше ұшқын ұшты да жана бастады. Кенет жел бағытын өзгертіп, егістіктен қарсы бетке соқты. Ал, жалын кідіріп барып, үйіріле қайтадан алға ұмтылды. Мұнысы жаңа екпінмен соғу үшін күш жинағаны секілді. Егістіктің аяғына дейін бір шақырымдай. Ар жағы зябь болып жалғасады. Жеңіске бірнеше минут қалды. Біресе ирелеңдеп, біресе жер бауырлап, біресе телеграф бағандарының биіктігіндей көтеріліп, тоғызыншы вал желдің әсерімен күшейіп келе жатты. Енді жалын қиғаштай жылжыды. Ұзындығы соншама сол қанаты әлі алыста болатын. Ал, оң жағы тракторшілерге жетіп қалды. Олар өз беттерінше әрекет етті. Қолдарынан келген барлық амалдарды жасады. Ажалмен бетпе-бет келген сәтте кім болса да алқаптан кетіп қалуға тиіс еді. Бірақ, бұл жерде басқа логика күштірек болды. Ол – жүрек әмірі. Олар кетпеді, кете алмады. Ендігі күрес адам қолымен жасалған еңбек қана емес, оның аман қалу жолындағы намыс үшін еді. Бұл жер мыңдаған жылдар бойы жатқан жер, енді адамның қолымен игерілген жерлер. Тракторшілер астық алқабымен қатар жатқан жолмен келе жатты. Ал, жалынның толқыны оларға қиғаш жүрді. Арт жағындағы от толқыны мана жыртқан бороздадан өтіп кетті де, қатар жатқан екінші бороздаға түсіп, басылып қалды. Владимир өзі жалынмен жағаласып жүріп, Коляның тракторға түскен шоқтарды таяқпен түсіріп жатқанын көзі шалып қалды. Жалынның тізбегі жыртып кеткен бороздаға жетіп басылып қалып жатыр. Бұл тізбек трактордың алдынан өтіп кете алмаса да үнемі тақалып келеді. Сәл ғана болмаса шарпып кетердей. Жыртылған егіске 100 метрдей қалғанда оттың шоғы Владимирдің арқасына келіп түсті. Ол оны қағып тастағанымен киім лапылдап жана берді. Үстіндегі куртканы жыртып жатып алдына көз тастады. От трактордың алдын кесіп өтеді. Бұл шамамен 10 метрдей жер. Онда өрт әрі қарай егіске өтіп, өсіп тұрған бидайды шарпиды. Ол үстіндегі киімдерін шешіп лақтыра бастады. Ал, Коля тракторды оттан қорғаштап жүр. Коля оған бұрылып қараған кезде Владимир бірдеңе деп айғайлады. Естімесе де түсінді. Тракторды күрт солға бұрды да борозданы манағы бороздаға қосып жіберіп, жалынның алдын алу керек еді. Владимир куртканы лақтырып үлгергенмен, шалбарды шеше алмады. Саусақтары күйіп қалыпты. Егістік шетінен 3 метрдей жерден қарғып түсті. Құлап бара жатып, трактордың ескі бороздаға, борозданың қосқанын көрді. Сөйтіп жалынның жолы бөгелді. Коля да ыршып шықты, шамасы бұған көмекке жүгірген болуы керек, бірақ өзі түгел жалынға оранды, өйткені үстіндегі май сіңген комбинизон еді. Владимир оған тұра ұмтылды, ал Николай отқа оранған күйі айдалған жермен жүгіре жөнелді де құлап түсті, үстіндегі отты сөндіруге шамасы жоқ еді. Котешковтың үстіндегі шалбар түгелімен жанып кетті, алақанынан иығына дейін күйік шалды, кейбір жерлері күйіп, көмірге айналып кетіпті. Коляның комбинизоны шешіле қоймады. Енді ол жерді екі қолымен тырналап, жолдасына топырақ шаша бастады, әйтеуір от сөнді. Бірақ кеш еді. Владимир Коляның алдында тізерлеп отырды, түріне мұқият қарады, сосын бетіндегі топырақтарды асықпай түсірді. Содан кейін орнынан тұрды.
Ол алысқа көз тікті, қарайып көрінген шексіз дала сонау көкжиекке дейін созылып жатыр. Жаңа ғана өздері сөндірген өрт осы жақтан келді. Осы күресте жолдасы жаңа ғана қаза тапты. Кері бұрылған кезде алтын тәріздес жайылған бидай алқабы сонау көкжиекке дейін созылып жатты. Тып-тыныш, бірде бір бидай сабағы қозғалмайды. Тек қана күн күйіп тұрды. Владимир басындағы әскери фуражкасын қағып түсірді, оның да маңдайшасы жанып кетіпті, аяғындағы туфлиін де лақтырып тастады да айдалған жермен әрі қарай жүре берді. Ол тыржалаңаш, үсті күйіктен қарайған, күннің астында оның ыстықтығын да сезбей жүре берді. Дала қосына дейін он төрт шақырым жер. Ол осы қашықтықты жаяу жүріп өтпек болды. Бәрібір мына түрімен тракторды от алдыра алмас еді. Жүріп келе жатып сүрініп құлай берді, бірақ бұған аяушылық жоқ. Тек қайта түргеліп алға жылжи берді.
Владимирдің иелігінде 4 мың гектар жер бар еді. Жеті жыл ішінде осы жердің әрбір сүйемін трактормен жүріп өтті. Оның трактормен осы жерде айдалмаған жері немесе комбайнмен жинамаған жері жоқ шығар. Ол жан-жағына қарамай жүріп келе жатты, өйткені бұл жер мұның жері. Бұл жерді бұның әрбір клеткасы біледі. Сондықтан ол дала қосына тура, ең қысқа жолмен келе жатты. Осылай үш шақырымдай жүрді. Он төрт шақырымды жүріп шығатын еді, бірақ төбешік астынан комбайн көрінді. Владимир оған мән бермеді, не шақырған жоқ, не қол да бұлғаған жоқ, алқапта комбайнның жүруі үйреншікті нәрсе. Белгіленген жолмен жүріп келе жатты, бұрынғысынша құлап та алады, бірақ қайтадан тұрып алға жылжи береді. Ал, комбайншы Николай Мақан мынау қорқынышты да таңқаларлық сұлбаны көріп бұрылды. Бұрылғанда да жолын кес-кестеп бұрылды. Жақын келіп бригадирді танып қарғып түсті. Үсті қап-қара болып күйген бұған қарай тұра ұмтылды.
– Тоқта! – деп айғайлап жіберді. Владимир қолдарын сермей. Ауыр болады. Осылай тік жүре бер, сонау жерде Грибов Коля жатыр. Ол жанып кетті.
– Оған машина жіберейік, – деді жалбарына Мақан. Одан да бригадаға жетейік.
– Сөйтті де Владимирге жақындады, бірақ ол мұны тоқтатты:
– Өзім!
Мақан жәшіктен мақталы кеудеше алды да жерге жайғастырды. Владимр өзі киіп жатып жайғасты. Комбайн он бір шақырым бойы жоғарғы жылдамдықпен жүріп отырды. Мақан бригадирге ауық-ауық көз тастап қояды. Шамасы өліп қалады ма екен деп қорқатын болуы керек. Дала қосына келгеннен кейін де ешкімді жанына жолатпады, өз бетінше үйге кірді де керуетке жатты. Денесін күнбағыс майымен сылауын өтінді. Бірақ бұл кезде газикпен аға агроном Владимир Иванович Рогов келіп жеткен еді. Котешковты матрасымен бірге көтеріп машинаға жайғастырды, сосын ауруханаға алып кетті.
Комбайншылардың да, тракторшілердің де бірде біреуінің Полина Котешковаға барып, болған жағдайды жеткізуге жүректері дауаламады. Айтпау тағы мүмкін емес еді. Ақыры Алексей Калинечев әйелі Валямен барғаны дұрыс деп шешті.
Полина кір жуып жатыр еді. Лена мектепке дайындалып жатты. Шындығында оған мектепке ертерек, әлі екі жыл бар, бірақ сонда да дайындалып жүр. Вовка өзімен ешкім ойнамайтынын сезген болу керек, өкпелеп, өзінің бөлмесіне кетіп қалды.
Алексей мен Валя кірді де, табалдырықта кідіріп қалды. Полина ішке шақырып еді, Алексей: «Рахмет, асығыс едік», – деді. Әрі қарай не айтарын білмеді. Тіпті неден бастарын білмеді.
–Неге мазаларың жоқ, – деп күлді Полина, алжапқышын шешіп жатып.
–Төрлетіңдер.
Қайдан екені белгісіз Вовка пайда бола қалыпты, ашық қалған есіктен Ленаның да басы қылтияды. Бұның бәрі Алексейдің жүйкесіне тиді, өзін зорлап күлмекші еді, күлкісі де біртүрлі шықты.
Сірә, жамандық жайтқа әйелдердің ішкі түйсігі жоғары болатын болу керек. Алексейдің момақан болған жүзіне үрейлі көз тастады да, тағы да басындағы орамалын алып умаждады. Ол әлі үндеген жоқ, бұл бір кезде: – Айта бер! – деді.
–Поля түсінесің бе, егістік өртенді... Володяның қолы күйіп, ауруханада...
Оның еріндері дірілдеп кетті, шәлісін қайтадан суға салды, ал қорқып кеткен Алексей: – Сен қорықпа, ол сөйлеп жатыр, сөздері түзу...
–Егер тек қолы ғана күйсе, неге сөйлемейді, – деп айғайлады Полина, сөйтті де үйден шығып тұра жүгірді. Кіреберісте механизаторлар мен қыздар екі жарылып жол берді. Ол поселка ішінен жалаңаяқ, үстінде ескі көйлек, сарғайған егістікке апаратын тар жолмен жүгіріп бара жатты. Оны қалай тоқтатуды ешкім білмеді, тіпті тоқтату керек пе, жоқ па мұны да ешкім білмеді. Сыртқа қорқыныштан Вова мен Лена да шыққан еді. Олар жылаған жоқ. Содан ба екен оларды ешкім елемеді. Жұрт оның Москвада тіктірген көйлегін, сосын оның өзін ғана көрді. Бұл көйлек ол кезде сән үлгісінде еді, ал Поля он тоғызда болатын. Бұл жерде ол кезде мына егіс те, поселка да, мына үйлердің үстіндегі антеналар да жоқ болатын. Ал мынау батпақтардың арасында бірнеше вагон мен палаткалар тұрды. Осындай жерде Поляның бұл көйлекті киіп жүргені де күлкілі еді. Ол көйлекті Владимирге арнап салған үйде, комсомолдық үйлену тойын жасаған кезде алғаш рет киген болатын. Бас инженердің жеңіл көлігі гараждан шыққан кезде Полина егістікке сіңіп, жоқ болған еді. Ауруханаға дейін жиырма шақырымнан астам жер. Алқаптың үстінен өтетін жер тапталған, бетон сияқты қатты. Машина зулап келеді. Сонау көкжиекке дейін бидай бастары толқынданып жатыр. Бидай... бидай, шегі жоқ, щеті жоқ бидай. Полина жыламай келе жатты. Қаншама қуаныш, қаншама қасірет жасы тамды десеңші бұл жерге. Қасірет дейсіз бе? Палатканы қар көміп тастағанда немесе батпаққа батқанда да қасірет пе екен? Қасірет деп міне осыны айтады, бұл мұны аңдып жүріп күтпеген жерден тап келді. Не үшін мұнің басына тап келді?
Москвадағы Қазан вокзалы. Музыка, гүлдер, жастық шақ. Қол бұлғаған құпияға болы тың өлкесі. Күлкі мен сүйісу, көз жасы... Куйбышев, Уфа, Челябинск. Кездесу, оркестр, билеу мен гүл.
Жастық шақ! Москва жастарын ерлікке шақыруда. Владимир Котешков вагон аралап жүрді. Понтонер деседі. Бұл дегеніміз пантон бөлімшесінің бастығы. Қатал, мінезі ауыр... Жоқ, жақсы, күлгені де әдемі. Қасынан қарамай өтіп кетті. Қарай гөр, керек еді ол бұған...
Қарағанды!
Қар еріп, Нұра тасып жатыр. Трактор кішкентай вагонды қиналып, сүйретіп келеді. Жеріне кіріп кетеді, қазып шығарып, қайтадан сүйретеді... Әлсіз жанған отқа жылынуда.
–Тұрыңдар!
Бұл Котешковтың дауысы. Суыққа тоңған олар вагонға кіруде. Үш тәулікте жүріп өткен жолдары екі жүз шақырым. Сонда бір сағатқа үш шақырымнан да келмейді.
Келіп жетті. Мидай дала. Ылғал, салқын, шетсіз, шексіз дала. Су жоқ, жарық жоқ. Күндіз де, түнде де киімді шешпейді. Мынау жұқа, әдемі көйлекті тығып тастау керек шығар. Палатка ішіндегі түскі тамақ кезі. Қалжыңбас бір жігіт ұзын үстелдің арғы шетінен айғайлап қояды. «Котешков, неғып сенің атың үнемі екінші вагонның тұсында тұрады?»
Сол жолы неғып үндемей қалмады? Өзін өзі ұстап берді. Қалайша еріксіз аузынан шығып кетті?
«Жоқ тек біздің вагонның ғана тұсы емес». Бәрі ду күлді. «Мысық кімнің етін жейтінін өзі біледі». Ал бұл болса тұра жөнелді. Екі жеті өткеннен кейін некеге тұруға ұсыныс жасады.
–Не болған саған! Біз жүрген жоқпыз, біз тіпті бірге де жүрген жоқпыз ғой.
–Бұл жерде бірге жүретін де, қыдыратын да жер жоқ Поленка. Горький паркіндегіден де бұл жерде адамның көзге түсуі тезірек. Соғыста да осылай көрінетін. Мен саған сенемін. Сен нағыздың өзісің. Володя тауға қарай өрмелеп келеді. Озат тракторшы, озат комбайншы, озат механик, затер. Партия бюросының мүшесі. Қайырымды, кеңпейіл. Балалары да өзіне ұқсаған. Вовка да бекер атаған жоқ қой...
Бақыт... Бақыт деген не өзі? Жоқ, бұған бақыт керек емес. Бәрі бұрынғысынша бола берсін...
Жіңішке, тар жолмен машина зулап келеді. Астық толқынданып, сыбдыр қағады. Поля біледі, күйген тек қолдары емес., Жылаған жоқ. Жол бойы жылаған жоқ. Көзінің жасы қайда кеткен? Жоқ, олар жиналып қалған екен. Аурухана көрінген кезде көз жасына ие бола алмады. Бас дәрігер Раиса Петровна Панкратоева алдымен дәрі ішуді бұйырды. Не көрсе де сабыр сақтап, өзін ұстай алса ғана палатаға кіргізетінін айтты. Қанша дегенмен күйген адамды көрейін деп тұр. Поля уәде берді.
Володяның алдымен үстіне қатырма қаңқа салыныпты. (Бұл денеге жабысып, тиіп тұрмауы үшін) оның үстіне одеал жабылыпты. Бетінің күйгені онша емес. Шашы да сол күйінше. Салқын, сабырмен бұған қарады, көңілі аздап тынышталды.
–Володенька қалайсың?
–Көріп тұрсың, жаман емес. Ал Коля өртеніп кетті. Біржола... Көзіне жас тығылды.
–Кольенка аянышты, обал-ақ.
Кезікті емнің уақыты. Одеяланы алып, қатырма қаңқаны көтерді. Сонда көргені...
–Поленька не болды? Ең сорақысы өтті ғой.
***
Құрметті қарауыл Коля Грибовтың мүрдесінің басында үш күн бойы тұрды. Бұлар комбайыншылар мен тракторшылар жолдастары мен Молдавиядан келген комсомолдар еді. Бұл құрмет вахтасында совхоз басшылары, Қарағанды делегаттары болды. Ұлының басында Молдавиядан келген әкесі де болды. Совхоз маңындағы қорымға Коляны нағыз батырларша жерледі. Бұл жерден егіс алқабы, поселке түгел көрінеді. Ал, Владимир Котешковтың өмірі үшін нағыз күрес басталды. Дәрігер Райса Петровна Панкратоева институтты бітіргенге дейін Қарағандыда опарация бөлімінде аға медбике болып істеген еді. Ол күйік аурулары жөнінде тәжірибесі мол маман. Ең алдымен не істеу керек екенін білді. Әуелі өлімге әкеп соқтыратын зақымды жеңілдету. Барлық тәжірибені, әдісті асқан біліктілікпен, асқан ептілікпен орнымен жұмсау, ешқандай уақыт оздырмай науқасты сандырақ күйден құтқару керек болатын. Мұның бәрін ол орындады. Күнделікті істеп жүрген әдіспен бірде бір процедураны орындамау мүмкін емес. Мысалы дәріні тамырға қалай айдайсыз? Сау қолдың тамыры әрең табылады, ал күйген қолдың тамыры ше? Оның да жолы бар екен, тізе тұстан теріні ашып, тамырды тапқан соң дәріні жібересіз. Әрине, бұл үшін арнаулы система бар.
Жараны емдеу. Тіпті бұлай да айтуға болмайды. Бұл жерде әңгіме денені тұтас жайлаған жара туралы. Бұл күйік үшінші, төртінші дәрежелі күйік, яғни жетпіс пайыз. Ал, жалпы аумағы сексен бес пайыз. Аман қалған жерлері көкіректің жоғарғы тұсы мен тобықтың маңайы. Котешков ауруханаға сағат бесте жеткізілді. Ал, науқастың жанында болған Райса Петровна мен тәжірибелі медбике Эмма Ивановна Кайзер таңғы алтылар шамасында қайтты. Валя Трейер мен Валя Борисова сияқты медбикелер кезекпен көмектесіп тұрды. Құйылатын дәрінің дәл мөлшері, оның реті мен уақыты аралығы мүлтіксіз дәл әрі нақ орындалып отырды.
Бірнеше күн өткен соң СССР медицина ғылымы күйік емдеу орталығының мамандары ән салған ем мен шаралардың дұрыстығына жақсы баға берді.
Сол күні науқастың қасында ауданның бас дәрігері Дмитрий Александрович Кулагин болды. Арнаулы ұшақпен Қарағандыдан хирург Петр Михайлович Нежинов ұшып келді. Алдын ала болуға тиіс шаралардың бәрі жасалды. Өкпенің қабынуы, қанның таза болуы тағы басқа... Арасында медбикелер бас сұғып қалады.
–Райса Петровна! Котешковқа қан беру үшін қырық адам келіп тұр.
–Рахмет айт, бар де...
... Камфора, морфий, кофеий, спирт, жәй қолдан тамақтандыру...
–Райса Петровна, тері беруге келіп тұр...
–Рахмет айт, мұндай күйікке тек жақын туыстарының ғана терісі жарайды. Палатаның ішінде Полинаның төсегі тұр. Дәрігерлер мен медбикелер күні-түні осы жерде болды. Тың игерушілер де күні бойы осы жерде. Совхоз директоры Воробьев, парторг Танаев, кәсіподақ председателі Боярский, бас агроном Рогов бәрі науқастың жанынан ұзамады. Арасында обкомнан да телефон соғылып тұрды. Котешков сабырлы, таңқаларлықтай сабырлы, ақыл-ойы орнықты. Әлде өзінің ерік-жігері осындай ма, әлде не болғанын түсінбей ме, бірақ сабырлы. Оған ауыр, өте ауыр.
Совхоз ауруханасында төнген ажалдың беті қайтарылды. Ажалмен үш күнге созылған күрес, науқасты басқа жерге көшіруге мүмкіндік берді. Арнаулы сомолетпен Қарағандыға Щербак пен бортфельдшер Василинко науқаспен бірге ұшатын болды.
Орталық клиникалық аурахана. Медицина саласындағы ең мықтылар дәрігерлік мәслихатта. Москваға телеграммалар жөнеліп жатты. Обком бөлімінің меңгерушісі Антерейкинге телефон шалып, сұрап жаты.
–Сіз сонда дәрігер емессіз бе? Дененің отыз пайызын күйік шалса, адам өлмей ме? Ал оның денесі жетпіс...
–Мен дәрігермін, бірақ бұл ерекше адам. Өте жігерлі адам.
Қарағандыда емделген екі күн оны Москваға ауыстыруға мүмкіндік берді.
Аэродром, Ил-18. Бұл санитар машинасы емес, бірақ ең сенімді көлік. Ішіде жолаушылар. Ішінен ең жақсы бөлімшесін босатып берді. Жолаушылардың әр қайсысы шығарып салушыларға орындарын ұсынуда.
Ұшақ әуеде. Ару ИЛ-18 коммунисті, қаһарманды алып, байтақ отанымыздың үстінен ұшып келе жатты. Елуден астам адам мұны тағатсыздана күтуде. Күйік жөніндегі орталығында медбикелер мен күтушілер бөлек үш адамдық палата дайындауда. Хирургия мен терапия мамандары қабылдауға дайындықты тексеріп жүр. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Анохтни мен Кузнецов болатын. Аэродромда өз бағытынан бұрын ұшуға тиіс ұшақтың орны қону үшін босатылды. Профессор мен ғылым докторын, дәрігерлерді күтуде.
Бірінше дәрігерлер мәслихаты Вишневский атындағы институттың хирургия бөлімінің бас дәрігері Сергей Иванович Смеловский, күйік жөніндегі орталықтың жетекшісі Михайл Ирайлович Шрайбер, медицина ғылымдарының докторы Тигран Мойсеевич Дарвинян, ғылым кандидаттары Леонид Иванович Васильев және Борис Ловович Гельман, ғылыми қызметкер Станислав Константинович Завьялов. Әлемдік хирургия, әлем ғылымы жасайтын ең озық үлгілері Котешковқа қолданылды.
Күнде таңертең арнайы дәрігерлер конференциясында Совет медицинасының айтулылары бір-ақ мәселені талқылайтын. Ол Котешковтың денсаулығы және әрі қарай оның өмірі үшін қалай күресу керек. Отан қолынан келгеннің бәрін істеді. Бірақ, дененің тұтастай терісін ауыстыру медицина үшін әлі ерте еді.
Владимир Дмитревич Котешковты Москвадағы Пятницкий қорымында жерледі. Ұрыс даласында қаза тапқан жауынгер секілді әскери құрмет көрсетілді. Табытты совхоз директоры, кәсіподақ төрағасы, тракторшылар мен комбайншылар, астаналық комсомолдар көтеріп келе жатты. Олар батырларша өмір сүрді, коммунистер секілді өлді, олардың даңқы ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жете береді. Ал бұл ғажап ертегі сияқты дәуір айдынында мәңгі жасай береді.

Орыс жазушысы Аркадий Сахниннен
аударған Бақтияр Мырзашев