ТӨСЕКТЕН ТҰРА САЛА, ОНЫ ЖИНАП ТАСТАҢЫЗ. СЕБЕБІ...
Осы да ақыл болып па дерсіз. Бірақ, бұның сіз жанама әсерін байқадыңыз ба? Таңертең тұра салысымен, кішкентай болсын, бір істі тындырған боласыз. Күнді қалай бастасаң, солай аяқтайсың. Бір кісімен кездесу керек болса, оны кофехана не мейрамхана емес, жай ғана серуендеуге шақырыңыз. Әрі дененің хақысын бересіз, сергисіз. Әрі жақсы ойлар көбіне таза ауада, табиғат аясында келеді.
Таңертең ұйқыдан тұра салысымен бір стақан су ішіңіз. Қарныңыз ашпаса, тамақ ішпеңіз. Күніге 5 бет кітап оқымай, ұйықтамаңыз. «Ұсақ бекер шығындардан қашыңыз. Себебі, кішкентай тесік үлкен кемені суға батырады».
Біріншіден, бренд дегенді ұмытыңыз. Теледидардан көрсеткен тауарға қарағанда жарнамасы аз немесе жоқ тауарды алып көріңіз. Ол үшін мысалы дүкенде тұрып, қымбат йогурттың құрамы мен оның жарнамасы жоқ көршісінің құрамын тексеріңіз. Көп жағдайда құрам бірдей, бірақ бренд үшін сіз артық төлейсіз.
Қыста – кондиционер сатып алыңыз. Себебі, арзан тұрады. Жазда – үй жылытқыш сатып алыңыз. Себебі, тағы да арзан. Супермаркеркетке жартылай аш күйде бармаңыз. Түскі асты үйден алып барыңыз. Кинотеатрға түс қайта барыңыз. Теміржол билетін 1 ай бұрын алыңыз – 20 пайыздай үнемдейсіз.
Ең бастысы, сіз бүкіл айлығыңызды ақша-сағатқа айналдырыңызшы .. ойша. Мысалы, сіз 22 жұмыс күнінде 100 000 теңге алды делік, күніне 4545 теңгедей, ал бір сағатыңызда 568 теңге табасыз. Осылай жасап алсаңыз, енді қандай да бір зат аларда оның шығынымен сіздің ол ақшаны табуға қанша сағат жұмсағаныңызды салыстыру оңай болады. Айталық, 7 мың теңгенің бір футболкасы ұнап тұр делік. Сонда осы футболканы алу үшін 12 сағат еңбегімнің ақшасын жіберген қаншалықты дұрыс деп салыстырыңыз. Бұл көптеген орынсыз саудадан тияды.
Бір жылда 525 600 ғана минут бар. Уақыт үнемдеуді мақсатыңыз етіп алыңыз. Наполеон секілді 4 ақ сағат ұйықтай алмассыз, Леонардо да Винчи сияқты әр 2 сағат сайын 15 минуттан ұйықтауға да дағдылана алмассыз. Бірақ, барған тойдан ерте кету, 30 минуттан асатын жиналыстардан қашу, ғапілдікке апаратын компьютерлік ойынды өшіру, білмедім енді, бірдеңе істеңіз. Уақыт аз!
miss.inform.kz