Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қыста қолданатын мойынорағыш денсаулыққа қауіпті болып шықты

Қыста қолданатын мойынорағыш денсаулыққа қауіпті болып шықты


Жууға жарамсыз шарфтар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, бұл киім түрі жиі жуылмайтындықтан иек, мойын, арқа немесе кеуде терісінің тесіктерінің білетелуіне және безеудің пайда болуына алып келеді. Ұлыбританиядағы Woodford Medical орталығының дерматологы және косметолог, дәрігер Мерин Паттерсон шарфты да басқа киімдер секілді жиі жуып тұруды ұсынды.
«Егер, сіз денеге жабысып тұратын киімді жумай екінші рет киетін болсаңыз, онда киімге сіңіп қалған тердің және сол таза емес заттың теріге жиі тию салдарынан денеңізге безеу қаптауы мүмкін», – деп түсіндірді сарапшы.
Ол сондай-ақ, синтетикалық материалдардан жасалған киімдердің жағдайды одан әрі қиындататынын, ал керісінше, мақтадан тоқылған киімдердің тердің жылдам ұшып кетуіне мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен бірге Патерсон дәрігердің пікірін Лондондағы Mortar and Milk косметологиялық клиникасының негізін қалаушы Памела Маршалл қолдады.
«Шарф бізді қыста жылытады. Біз оларды жиі орап жүргенімізбен, бірақ өте сирек жуамыз. Егер, сіз күн сайын мойныңызды кір затпен орап жүрсеңіз, онда бір күні денеңізге безеу қаптап кетеді», – деп ескертті Маршалл.
13 қаңтар 2019 ж. 916 0