Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАЛЫМДАР КҮНДІЗ НЕГЕ ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР КҮНДІЗ НЕГЕ ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ


Калифорния университетінің профессоры Мэттью Уолкер күндізгі уақыттағы ұйқының адам ағзасына пайдасымен қоса зиянын да айтты. Бұл туралы Business Insider хабарлады.

Күндіз 40-59 минут ұйықтау дененің шаршағанын басады. Бұл уақыттан артық ұйықтасаңыз түнгі уақытта ұйқысыздыққа шалдығасыз.
Сомнологтың айтуынша, күндізгі ұйқы қанбаған ұйқыңызды қанағаттандырмайды.
“Егер адам, 8 сағаттық ұйқысының нормасын бұзса, келесі ұйқыда әдеттегіден ұзақ ұйықтайтын болды. Және 8 сағаттық ұйқыға ешқашан қанағаттанбайды”, – дейді Уолкер.
Сондықтан, ұйқыда “бәрі немесе ештеңе” принципі жүреді. Ұйқыны жұмыс аптасында қысқартып, демалыс күндері артығымен өтеуге болмайтындығын айтты ғалым.
03 қаңтар 2018 ж. 1 434 0