ӘЖЕТХАНАДА СӨЙЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ
Әжетханада сөйлеме Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі:
- Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның - теріс дағды, - дейді. -
- Онда тұрған не бар, әке? - дейді.
- Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта "Кироман- Катибин" дейді. Періштелер - өте пәк
жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін
амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл - Құдайға ұнамайтын қылық, - деді әкесі.
Бала жаман әдетінен тыйылыпты.
"Әжетханада сөйлеуге болмайды" деген ырым осыдан қалыптасқан екен.
.