Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Заң сөйлейді»: Полицейдің күнделігі жаңа форматтағы подкастпен толықты

«Заң сөйлейді»: Полицейдің күнделігі жаңа форматтағы подкастпен толықты

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметі мен полиция жұмысының түрлі бағыттарын көпшілікке таныстырып жүрген «Полицейдің күнделігі» айдары жаңа форматпен толықты. «Заң сөйлейді» подкастының алғашқы шығарылымы жарық көрді.

«Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген жаңа жобаның негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді көпшілікке түсінікті тілде жеткізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция қызметінің профилактикалық бағыттарын кеңінен түсіндіру.

Подкасттың алғашқы шығарылымы балалар қауіпсіздігі мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбына арналды. Бұл бағыттың өзектілігі оқу жылының басталуымен ғана емес, жасөспірімдердің қауіпсіз ортасын қалыптастыру, олардың құқықтық білімін арттыру және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін күшейту қажеттілігімен де байланысты.

Алғашқы шығарылымның спикері – Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы.
Сұхбат барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша полицияның атқарып жатқан жұмыстары, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ ата-ананың бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі сөз болды.

«Заң сөйлейді» подкасты – құқық пен тәртіпке қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын жаңа алаң. Алдағы шығарылымдарда да қоғам үшін өзекті түрлі құқықтық тақырыптар қамтылып, сала мамандары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен мазмұнды сұхбаттар ұсынылады.
08 қыркүйек 2026 ж. 62 0