Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгелер сізбен санаса ма?

Өзгелер сізбен санаса ма?


Адам қоғамсыз тіршілік ете алмайды. Ал қоғамда оған түрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Сол түрлі адамдардың ішінде оның көңіліне тиетін, намысын қоздыратындары да кездеседі. Мұн­дайда адам ренжіп, өзгемен ұрысып-керісіп қалады немесе онымен сөйлесуді, қарым-қатынасты мүлде доғарады. Дегенмен мұның бәрі де бос кетпейді, адам жанында қандай да бір жайсыз із қалдыратыны анық. Ал мұндай жайларға жиі ұрынбас үшін психологтар адамға мынадай кеңестер ұсынады:
Өзіңізді сүйкімсіз, кем бағаланатын сияқты сезінбеңіз, өз ба­ғаңызды түсірмеңіз. Қолайсыз жағдайларда ұстамды болыңыз.
Тым өзімшіл, менмен, өр­көкірек болмаңыз. Әр нәрсенің ор­ны, шегі барын ұмытпаңыз.
Өз ұстанымыңызды қорғай біліңіз. «Иә» немесе «жоқ» деген сөздерді орнымен, түсінікті, нық айтып үйреніңіз.
Іштен тынбаңыз, қандай да бір нәрсеге байланысты өз ұстанымыңызды қорғаңыз, қолдау білдірі­ңіз немесе қарсылығыңызды бүгіп қалмаңыз. Дұрыс-бұрыстығына қа­рамай өзгенің таңған ұстанымына үнсіз бас шұлғып ере бермеңіз.
Өз көзқарас, ұстанымыңызды да дұрыс-бұрыстығына қарамай өзгеге таңып, тықпалай бер­меңіз. Орынды ұсыныс білдіріңіз, оны қоштау-қоштамау өзгенің ер­кінде екенін есте ұстаңыз.
Әркімнің өз көзқарас, ұстанымы бар, болмысы, тәрбиесі, мі­нез-құлқы бөлек. Әркім өзіне лайықтысын­ таңдауға ерікті. Өзгенің пікірімен санаса біліңіз, өзгенің қателіктерін де қабылдай біліңіз. Өз іс-әрекет­те­ріңізге мән беріңіз.
Өзіңізді қорғай біліңіз, на­мысыңызды таптатпаңыз.
Кіммен араласуды, кіммен дос болуды, кіммен қалай сөй­ле­суді біліңіз.
Өз мінез-құлқыңызды үнемі жетіл­діріп отырыңыз.
Zamana.kz
12 шілде 2018 ж. 865 0