Ғарыш - келешектің кемел жолы" атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті
Қалжан ахун ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "12 сәуір -Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер" күніне орай "Ғарыш - келешектің кемел жолы" атты кітап көрмесінің таныстырылымы № 126 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.Мақсаты балаларға ғарыш әлемі жайлы және тұңғыш ғарышкер туралы, сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері, олардың өмір жолдарымен таныстыру болды. Адамзаттың ортақ үйі - Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеуді үйренді.








