Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылорда таңқалдырумен келеді

Қызылорда таңқалдырумен келеді

Тәуелсіз Қазақстанның тари­­хындағы тағдыршешті құ­рылтай Қызылорда же­рін­де өтті.

Бір ғасыр бұрынғы бе­сінші съезд туралы тарих­тан оқып білдік. Ақмешіттің тө­ріндегі жиында Алаштың ұлы тұлғалары елдің іргесін бекіткен, тәуелсіздікке ұм­тылған арман-аңсарын, идея­ларын қанаттандырған құ­жаттарды қабылдады.

Қызылордада өткен ал­қалы жиын құрылтай мүшесі, Мәжіліс депутаты ғана емес, қазақтың отан­шыл, мемлекетшіл азаматы ре­тінде мені ерекше тебірентті. Бұл жолғы құрылтай Қы­зылордаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қо­нақтардың ғана емес, ел-халықтың үмітіне қанат бітірді.

Секциялық отырыстар өтті, соның арасынан бос уақыт тауып, Қызылордада соңғы уақытта са­лынған әлеуметтік нысандарды, жұртшылық игі­лігіне айналған инфрақұрылымдық жобаларды кө­ріп шықтық. Бұл қалаға бірінші келуім емес, бірақ кейін­гі жылдардағы Қызылорданың түлегені ерекше қуан­тады. Жол құрылысы, газдандыру, ауызсу, ыс­тық су, әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан, ха­лық­тың әл-ауқаты жақсарған. Бұл – облыс тізгінін қолына ұстаған Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың еңбегі. Мұны Мемлекет басшысының өзі атап өтті. Әрине, Президенттен асырып баға бере ал­маспыз, дегенмен өзіміз көзбен көрген игіліктерді жақ­сы қабылдадым және оны басқа өңірлерге де үлгі етіп айтып жүремін.

Қызылорда облысының аудан орталықтарының барлығы шойын жолдың және үлкен жолдың бойын­да орналасқан. Халықтың сол жерде тірші­лігін жа­сауына жол, газ жүргізілген, мәдениет, спорт, ме­ди­цина нысандары салынған, әлеуметтік сала­ның мәселелері жолға қойылған. Қалаға келіп түскен азаматтарды соңғы үлгідегі заманауи әуежай қарсы алады. Бұл – еліміздегі ең үлкен тер­миналдардың бірі, аймақ басшысының жү­зеге асырған инвестициялық жобасы. Оның игі­лігін халық көріп отыр. Әуежайға табанымыз тигеннен өңірдің тыныс-тіршілігін, Ұлттық құрылтайға дайындықты сезін­дік. Ұйымдастыруға бүкіл басқармалар, депар­та­мент­тердің, «AMANAT» партиясының азаматтары жұмылған. Жолға шығардың алдында атақты жырау Алмас Алматов ағамыздың үйінде қонақта болдық. Жыраудың шәкірттерінің ғажайып жырларын тың­дадық, ағамыздың жеті жастағы немересі құманы мен орамалын ыңғайлап, қолымызға су құйды. Қыс­қасын айтқанда, облыстың басшысынан бас­тап, жеті жастағы балаға дейін қызмет жасады. Бұл дегеніңіз елдің бірлігін, тұтастығын, көші дұрыстығын біл­діреді.

Қызылорда Қазақ елін өнер, мәдениет бағы­тында ғана емес, осындай ерекшеліктері арқылы таңғалдырумен келеді. Бұған дейінгі төрт құрыл­тайдың салмағы өз алдына бөлек, әрқайсына өзіндік баға берілді. Түйінді Мемлекет басшысы Қызылорда құрылтайында жасады.
Сыр жұртшылығы жергілікті атқарушы билігі, мәслихат депутаттары, елдің ақсақалдары, әсіресе, кәсіпкерлері жиылып, облыс басшысының жанынан табылды, қонақтарға өте жоғары деңгейде қызмет көрсетті. Мұны Қазақ елінің қай түпкіріне барсақ та, үлгі етіп айтып жүреміз.

Жанарбек ӘШІМЖАН,
ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты
24 қаңтар 2026 ж. 42 0