Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік – жүргізуші жауапкершілігі

Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік – жүргізуші жауапкершілігі

Қаланың қалыпты қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіз қатынауы қоғамдық көлік саласында еңбек ететін мамандардың кәсібилігіне байланысты. Таңмен таласа басталып, түнге дейін жалғасатын қарбалас тірлік расында да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына Қызылорда автобус паркінің жүргізушісі Азамат Сисенов БАҚ өкілдеріне өз қызметінің ерекшелігі жайында айтты.

- Мен «Қызылорда автобус паркінде» автобус жүргізушісі болып еңбек етемін. Жалпы еңбек өтілім 8 жылды құрайды. Біздің жұмысымыз таңғы 6:00-де басталып, кешкі 22:30-да аяқталады. Жұмысқа шығар алдында және рейс аяқталған соң міндетті түрде медициналық тексерістен өтеміз. Күніне шамамен 800-900 жолаушыны тасымалдаймын. Қазіргі таңда қала тұрғындарына 285 автобус қызмет көрсетеді. Автобус жүргізушісі болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, әрбір жолаушының қауіпсіздігі мен діттеген жеріне аман-есен жетуі сол жүргізушінің кәсібилігіне тікелей байланысты,- деді Азамат Сисенов.


09 қаңтар 2026 ж. 446 0