Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ынтымақ пен бірліктің символы

Ынтымақ пен бірліктің символы

Биыл республика аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көптеген жоба мен кешенді іс-шара жүзеге асқаны мәлім. Сыр өңірінде бір мұрат, бір мүдде жолында жасалған жұмыс көлемі ауқымды. Мәселен, жыл көлемінде республикалық деңгейде «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессия мен «Бірлігі бекем Сыр елі» атты форум өткізілді. Қазіргі уақытта «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен 3 млрд 800 млн теңгеге «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынып, жақын күндері пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал ауданда жыл басында пайдалануға берілген «Руханият орталығында» қоғамдық келісім кабинеті жергілікті халыққа қызмет етеді.

Сырдария ауданында Ассамблеяның 30 жылдығына байланысты жылдық жос­пар жасалып, соған сәйкес өзге этнос өкіл­дерімен жұмыс жүргізілген. Айта кетейік, жыл көлемінде ұлтаралық қақтығыстар мен шиеленісті жағдайлар орын алған жоқ. Бүгін­де 11 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Аудандық Ассамблея жанынан осы күні «Аналар кеңесі», «Ақсақалдар кеңесі» және «Медиация», ақпараттық түсіндірме бойынша көлемді жұмыс жүргізіледі. Білім ошақтарында ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сансызбай Сәдуақасұлы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Балшекер Сұлтанбекқызымен әлеуметтік бес кеселдің алдын алуға байланысты оқушылармен кездесу өткізді. Бұл ретте, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сырдария ауданы этносаралық қатынастар жөніндегі сарап­шысы Нұр Мұхитқызы аталған бағытта атқарылған жұмысқа тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналғанын жиі айтып келеді. Расында, этносаралық қатынастар саласындағы жұмысты нығайту – басты мақсатымыз саналады. Елімізде бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасқанын айрық­ша аңғарған дұрыс. Жалпы, аудан кө­лемінде ұлтаралық қатынастарды нығайту бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру жобасы жүргізілуде. Жоба құны – 1600 мың теңге. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес белгіленген барлық іс-шара толық өткізілді. Этнос өкілдерін қазақ тарихымен таныстыру мақсатында тарихи орындарға саяхат ұйымдастыру, спорттық сайыстар, дөңгелек үстел, қайырымдылық шарасы, форум ұйымдастырылды. Қараша айында аудандық «Достық» үйінің белсенді мүшесі Лидия Мясцова облыстық «Ассамблея аруы – 2025» байқауының бас жүлде иегері атанды. Ауданымызда «Қоғамдық келісім» орталығы жанынан өнерлі этнос өкілдерінен «Достық» вокалдық ансамблі құрылған. Құрамында кәріс, шешен, орыс, украин, молдаван, татар этносының өкілі бар. Ансамбль қазіргі уақытта облыс және аудан көлемінде аталып өтетін барлық іс-шараға белсенді қатысып келеді, – дейді Нұр Мұхитқызы.

Жақында ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында форум өткізіліп, елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың символы кеңінен насихатталды.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

23 желтоқсан 2025 ж. 76 0