Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ROCA GROUP компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды

ROCA GROUP компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, екінші тараптан испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорны - “Рока Қазақстан” ЖШС бас директоры Даниэль Эрнандес «Қызылорда облысында заманауи сантехникалық бұйымдарды өндіру және құрастыру зауытының құрылысы» жөніндегі жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

Рәсімде аймақ басшысы бұл келісім Қазақстан мен Испания арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың дамуы үшін маңызды кезең екенін атап өтті.

Инвестициялық келісім аясында Қызылорда облысында заманауи өнеркәсіптік кәсіпорын салу жоспарланған. Жаңа зауыт керамикалық санитарлық бұйымдарды, ванна бөлмесіне арналған жиһаздарды, кірістірілген су бұрқақтарын және басқа да өнімдерді өндіру мен жинауға маманданады. Кәсіпорынға Roca Group компаниясының озық өндірістік технологиялары мен стандарттары енгізіліп, өндіріс автоматтандырылады, энергия тиімділігі және экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Жобаның өндірістік қуаты жылына 500 мың дана өнім, жалпы 44,1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Өндірілетін өнімдер Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталады. Жоба жүзеге асқанда 300-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар, жоба аясында қазақстандық мамандардың халықаралық тәжірибені қолданып оқытылуы және біліктілігін арттыруы қарастырылған.

Инвестициялық келісімде мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары қамтылған. Оған салықтық преференциялар беру, технологиялық жабдықтарды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ шикізат пен материалдарды импорттаған кезде кедендік баждардан босату кіреді. Қызылорда облысының әкімдігі жер учаскесін беріп, қажетті инженерлік-инфрақұрылымды жеткізеді.

Инвестициялық келісімнің мерзімі – қол қойылған күннен бастап 25 жыл. Roca Group компаниясының өкілі Қазақстанды стратегиялық маңызды нарық ретінде қарастыратынын, себебі оның географиялық жағынан тиімді орналасқанын, қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын, мемлекеттік қолдау шаралары бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Roca Group – сантехникалық жабдық өндірісі саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялардың бірі, 100 жылдан астам тарихы бар. Компанияның бүкіл әлемде 78 өндірістік алаңы бар және онда 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Roca өнімдері 170-тен астам елде ұсынылған және жоғары сапасы, инновациялық шешімдері және еуропалық стандарттарға сәйкестігі арқылы кеңінен танымал.

Екі ел арасындағы жобаны жүзеге асыру өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, импортқа тәуелділікті азайту және жоғары қосылған құны бар өнімдерді экспорттау бойынша мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына сәйкес келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
16 желтоқсан 2025 ж. 48 0