Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Спорттық инфрақұрылым жетістікке жол ашады

Спорттық инфрақұрылым жетістікке жол ашады

Елімізде спорт саласына байланысты өзекті мәселе көп. Тиісті министрлік алдағы уақытта халықаралық аренада қазақ спортының мәртебесін арттыру мақсатында кешенді іс-шара қабылдауда. Бүгінде бірнеше өңірдің футбол клубы жеке инвесторға өтіп, қаржыландыру көзі өзгеріске енді. Жақында ҚР Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекіткен еді. Бас-аяғы 65 түрі енгізілген тізімнің санатына олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азия және Азия Пара ойындарының бағдарламасымен бірге ұлттық спорт түрі қамтылған.

Жалпы алғанда, Сырдария ауданында спортпен шұғылданатын жандар қатары аз емес. Байрақты бәсекеде топ жаруға ұмтылған спортшының жаттығатын орны толықтай қамтылғаны дұрыс. Аудан көлемінде спорттағы инфрақұрылымды жаңарту сәтті жүзеге асуда. Мәселен, ауданда барлық спорт құрылғы санатына жататын 130 нысан бар. Оның ішінде, 2 стадион, 6 спорт кешені, 74 жазықтағы құрылғы, 30 спорт зал, 18 жапсарлас спорт залы бар. Барлық елді мекен мен Тереңөзек кентінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 675 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданса, яғни халықтың 44,4 пайызын көрсетіп тұр.

– Сырдария ауданында жергілікті спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүр. Аудан спортшылары арасынан Қазақстан чемпиондары, Азия және әлем біріншіліктерінің жүлдегері шыққан. Нақтырақ айтатын болсақ, ҚР чемпионатында – 46, Азия чемпионатында – 3, әлем чемпионатында – 2 медаль иеленді. Спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа нысанның салынуы мен спорт секцияларының көбеюі – аудан халқының денсаулығын нығайтып, саламатты өмір салтына бет бұруына үлкен үлес қосуда. Мемлекеттік және жергілікті қолдаудың арқасында аудан спортының болашағы зор, ал басты мақсат – әрбір ауыл тұрғынына спортпен айналысуға тең мүмкіндік жасау екенін айта кетейін, – деді аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Марат Ерташов.

Осы жылдың жағымды жаңалықтарының бірі – Бесарық ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы. Оның жалпы құны шамамен 370 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 100 балаға арналған спорт кешенінде ауыл балалары дзюдо спортымен айналысуда. Айта кетейік, Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесінде футбол ойнауға арналған алаң салынды. Мұндай алаң аудан орталығындағы бірнеше көшеде орналасқан.

– Елімізде дене шынықтыру мен спорт – ұлт денсаулығын нығайтудың, жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеудің басты тетігі саналады. Ауданда спортты жаппай дамыту мақсатында 488 спорттық секция жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз үйірмелер мен спорттық клуб желісі кеңейіп келеді. Көптеген мектеп пен ауылдық жерде каратэ, таеквондо, күрес, үстел теннисі сияқты спорт түрінен секция ашылған. Дене шынықтыру және спорт саласында 218 штаттық қызметкер жұмыс жасайды, – дейді бөлім басшысы.

Б.ОРДАБЕКОВ

09 желтоқсан 2025 ж. 54 0