МОЙЫН ТЕРІСІНІҢ СҰЛУЛЫҒЫ
Бетке күтім жасағандай мойын терісіне де күтім керек. Өйткені жас ұлғайған сайын мойын терісі де қартайып, әжімденіп, салбырай береді. Ал мұның алдын алу үшін бар-жоғы бес ингредиенттен тұратын масканы жасап көріңіз.
Бұл скраб-маска мойын терісін тартып, теріні әлдеқайда жақсарта түседі. Масканы аптасына бір рет жасап, нәтижеге оңай қол жеткізуге болады.
Масканы жасау үшін:
2 шай қасық куркума ұнтағы;
3/4 стақан қант;
3-4 тамшы лаванда гүлінің эфир майы;
1/3 стақан өсімдік майы;
1 шым-шым ваниль;
айран керек.
Айраннан басқа барлық ингредиенттерді араластырып, мойын мен кеуде тұсына жағыңыз. Масканың құрамына қантты қоспауға да болады. Егер мойын терісі тым салбырап, қара дақтар қаптап кеткен болса, қантты маскаға қосқан дұрыс.
Масканы 20 минут ұстап, массажды қимылмен уқалай отырып жылы сумен жуыңыз.
Жуғаннан кейін мойынға айранды жағу керек. Өйткені маска құрамындағы куркуманың бояуы теріге сіңіп қалады. Ал айран оны ағартып, теріні жұмсартады.
Пікір 2