Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Заң және тәртіп – мемлекеттің іргетасы

Заң және тәртіп – мемлекеттің іргетасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» екенін айтып өтті. Сондай-ақ оның қоғамда орын алып жатқан көрінісі мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына баса назар аудару маңыздылығына тоқталды.

Президент «Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады» деп айтып өтті.

Қазіргі зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың белең алған заманында Ішкі істер органдары мен халықтың бірігіп жұмыс істеуі өте тиімді. Күн сайын түрлі жантүршігерлік жағдайлар орын алып жатқаны мәлім. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл үндеуі барша жұртшылықты бейжай қалдырмайтыны анық.

Сондай-ақ қоғамдық орын мен көліктерде адамдардың өзін-өзі ұстауына тоқталып өтті. «Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады. Өкінішке қарай, солардың ішінде айқайшу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс. Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған. Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет» деп атап өтті.

Саналы ұрпақты тәрбиелеу ең алдымен өзіңнен бастау алу керектігін айрықша айтып өткен Мемлекет басшысы қазіргі қоғамдағы маңызды мәселені көтерді. Әрбір тұлға өз болмысын түзесе, саналы ұрпақ пен еліміздің болашағы жарқын болатыны хақ. Сонымен қатар ел іргесі берік болуы үшін жас өреннің туған жерге деген шынайылығы басым болуы керек. Бүгінгі ұрпақ бойында патриоттық сезімді нығайтып, ел тыныштығын бағалай білу маңызды. Бірліктен асқан байлық жоқ. Ел бірлігі мен ашық аспанымызды қадірлеп, ел ішіндегі ахуал мен келеңсіз жағдайларға жол бермеуге барынша тырысуымыз керек.

Айнұр ТӨЛЕГЕНОВА,
Сырдария аудандық Отбасын
қолдау орталығының директоры

13 қыркүйек 2025 ж. 208 0