Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мотокөлік пен мопед тіркелмеген жағдайда...

Мотокөлік пен мопед тіркелмеген жағдайда...

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды «Профилактика жылы» деп белгілеген. Осыған орай республика, облыс, аудан көлемінде бірнеше жедел профилактикалық іс-шаралар өтуде. Соның бірі – 19-22 шілде аралығында өтіп жатқан «Мотокөлік» жедел профилактикалық іс-шарасы.

Еске сала өтсек, бұған дейін басылым бетінде мопедтің тіркелу уақыты мен сол кезеңдегі өткен іс-шаралар ақпа­раттандырылған болатын. Яғ­ни осы жылдың 5 сәуіріне дейін мопед тіркелмеген жағдайда жүр­гізілуге тыйым салынады. Міне сол профилактикалық есеп бойынша елімізде 8539 мопед тіркелген. Оның 600-ге жуығы Қызылорда облысы бойынша тіркеуден өтсе, аудан деңгейінде 7-ден астам мопед құжатын сәйкестендірген. Ал мотокөліктің тір­келгені еліміз бойынша 117 400-ді құраса, оның 2000-нан астамы аймақ бойынша құжат рәсімдеуден өткен.

Бұндай көлік түрі ауылдық жерге ыңғайлы, бағасы да қолжетімді, жанармай да аз кетеді. Тіпті кейбір түрлері жанармайды қажет етпейді. Қолжетімді жеңіл көлікке қызығып қолданушылар да аз емес. Ал қалалық аймақта бұл жеңіл көлік құралы жеткізу қызметін тасымалдау үшін кеңірек қолданылады. Осы жағдайда түрлі оқыс оқиғалар туындауы да ғажап емес. Сондықтан қала, аудан, ауыл болсын жол ережелерін мұқият сақтап, көлік құжаттарын тіркеуден өткізуге міндетті.

Аталған іс-шара аудан­дық полиция бөлімінің бақы­лауы­мен өтіп жатыр. Мерзімді уақытта аудан бойын­ша 3 тіркелмеген мотокөлік анық­тал­ған. Жеңіл көлікті масаң күйде басқар­ған бір адам ұсталып, құжаттары жинақталып, аудандық сотқа жолданған. Жалпы аудан бойын­ша «Мотокөлік» жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты 9 әкімшілік хаттама рәсімделген.

Егер мопед немесе мотокөлігіңіз ресми түрде тіркелмеген жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынатыны жөнінде аудандық полиция бөлімі ескертеді.

Мопед жүргізушілері жол ережесін сақтап, қорғаныс киімдерін киіп, қараңғы уақытта көрінетіндей белгі тағуды ұмытпауы керек. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан жол ережелерін білу өте маңызды. Ресми тіркеуден өту абзал.

Ал егер де тіркеуден бас тартқан жағдайда айыппұл арқалауға дайын болғаныңыз жөн. Ең бастысы, өзіңіздің және жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі маңыздырақ екенін ұмытпаңыз.

Г.ТАБЫНБАЙ
Фото: Ашық дереккөзден


22 шілде 2025 ж. 82 0