Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Бірлікті ел бұзылмас

Бірлікті ел бұзылмас

Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ. Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) деп бауырмал болуға бұйырған.

Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек. Себебі, рухани тұрғыда өсіп-жетілген тұлға қандай жағдайда да барлық мәселені байыпты жолмен шешеді. Алла Тағала: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұш­пан­дыққа жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйыр­ған.

Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауызбіршілікте – Алланың мейірімі, бөлінуде – қаһары бар» (Имам Ахмад) деп, ынтымақ пен бірліктің мәнін ашып көрсеткен.

Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деп бұқараны бірлікке шақырған. Ал ауызбіршілік мына қасиеттермен сипатталады:
• Байсалды
• Сабырлы
• Бауырмал
• Ымырашыл
• Толерантты
• Кешірімді
• Мәмілегер



А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Ашық дереккөзден

19 шілде 2025 ж. 270 0