«Мигрант» іс-шарасы қорытындыланды

– «Мигрант» іс-шарасы аясында облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп рейдтік іс-шаралар жүргізілді Іс-шара нәтижесінде барлығы 153 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 93 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталып, 22 шетел азаматы ел аумағынан шығарылып, оларға бес жылға дейін Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар, шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген және ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған ҚР-ның 62 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді. Осы ретте облыс тұрғындарына ескерту айтқым келеді. Алдағы уақытта шет елдерден келген еңбек мигранттарының құжаттарын белгіленген мерзімде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұлжытпай орындауға шақырамыз, – деді Сәбит Ханзадаұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі