Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің ғылымымдағы әлемім

Менің ғылымымдағы әлемім

Ғылым-адам өміріндегі ізденіс пен талпыныс. Мен үшін ғылым қызықты.Менің ойымша ғылымға барлық адам қызыға бермейді. Ғылымға деген көзқарастың өзі үлкен жауапкершілік.Менің әлемім басқаша. Мен өзге ғаламшарға ұшқым келеді. Өзге ғаламшарлықтарды зерттеп,бізден қандай айырмашылық бар екендігін,қандай өзгеріс бар екендігін білгім келеді.

Кішкентай кезімде “Томпақ” атты мультфильмді көп көретінмін. Сондағы кейіпкерге іштей еніп, өзімді өзге ғаламшарлықпын деп сезінген кездерімде болды.Мен үшін ол өте қызықты. Ал кейбір адамдар үшін бұл қиял болып көрінеді.Егерде менде мүмкіндік болса,ең бірінші ойланбастан өзге ғаламшарлықтарды көруге ұшып кетер едім.

Ғылымдағы ізденіс деп басқа да салаларды айтуымызға болады. Мысалы айтатын болсақ,биология,физика салалары. Әр сала ғылымды әртүрлі зерттейді. Сонымен қатар ғылымға деген түсініктері де басқаша. Ғылымды әркім әртүрлі түсінеді. Біреулер үшін ол жәй ғана сөз,ал біреулер үшін астары маңызды.Ғылымның көмегімен біз дамимыз,өркендейміз,өсеміз. Қазіргі заманда ғылым өте қатты дамып жатыр. Біз оны ғылымның әсерінен екенін білеміз. Ғылымның пайдасының арқасында әртүрлі жасанды интелекттер шығуда. Адамның ойынан өте жүйрік. XXI-ғасырда ғылымда,заманда өте жылдам әрі қарқынды дамуда. Сол ғылымның пайдасынан алда келе жатырмыз. Ғылым адам өміріндегі шексіз мүмкіндіктер. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалану біздің қолымызда.

Ғылым әрқашанда жаңа идеялар әкеледі. Ғылым тек білім алу құралы ғана емес,өз-өзімді дамытуға көмектеседі. Бұл мені әлемдегі құпияларды түсінуге алып келеді. Ғылымдағы өз ішкі әлемді зерттеу арқылы жаңа көзқарастарым пайда болады.

Қорытындылай келе, менің ғылымдағы әлемім-үнемі ізденіс пен даму жолы. Ең бастысы ғылым мені әлемге деген қызығушылықпен өз ойымды дамытуға үлесін қоса алады. Ғылым мен үшін тек білім алу ғана емес,әлемдегі шексіз мүмкіндікті өзгертуге жол ашады.


Аруза Албекқызы,
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің
І курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден
29 мамыр 2025 ж. 178 0