Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "APARU" такси шақыру қосымшасы іске қосылды

"APARU" такси шақыру қосымшасы іске қосылды

Қызылордада жолаушылар мен көлік жүргізушілері үшін "Aparu" такси қосымшасы жұмысын бастады. Отандық бағдарлама тұтынушыларға жасырын комиссиясыз қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Аталған қосымшаны іске қосу рәсімі бүгін «Достық» аллеясында өтті.

- Біздің мақсатымыз - жолаушыны А нүктесінен В нүктесіне жеткізу ғана емес, қалалық ұтқырлық идеясын өзгерту. “APARU” озық технологияларды қолдана отырып, тұрғындардың жайлылығын үйлестіреді. Біздің қызметіміз - қаланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болады деп сенеміз, - деді «APARU»акционері Ерлан Шаяхметов.

Айта кету керек, "APARU" – Өскемен қаласында жасалған қазақстандық энтузиасттар тобы құрған стартап. Компанияның мақсаты - аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу. Қызылордада іске қосылғаннан кейін сервисті еліміздің басқа өңірлерінде де масштабтау жоспарлануда дейді өкілдік. Қосымшаны App Store және GooglePlay онлайн дүкендерінен жүктеуге болады.

Шарада осы қосымшаны қолданушылар арасында ұтыс ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді.
03 наурыз 2025 ж. 294 0