«Жауқазын» театрының жаңа қойылымы көрерменге жол тартты

“Қойылым барысында студенттер шығарманың негізгі идеясы мен драмалық мазмұнын терең аша білді. Жастар махаббат пен өкініш, адасу мен кешірім тақырыптарын қозғап, көрерменнің жүрегіне жол табуға тырысты. Әрбір кейіпкер жан тебірентерлік сезімдері мен ішкі қайшылығын шынайы түрде жеткізді деп ойлаймын”,- деді Әлеуметтік және тәрбиежұмыстары басқармасының басшысы Жанар Бимұратқызы.
Рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шыққан студенттік театр әртістері зор қошеметке ие болып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Бұған дейін Жауқазын студенттік театры “Шәмші сүйген Изольда”, “Қарагөз”, “Қош махаббат”, “Махаббат мұнарасы” қойылымдарын сахналады.
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті