Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа қоныс – тұрғындар қуанышы

Жаңа қоныс – тұрғындар қуанышы

Әрбір жерлесіміздің жеке баспаналы болып, қуанышқа қауышуы – ортақ мерей, ортақ той. Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 140 пәтерлі 70 үйдің кілтін өз егелеріне тапсырды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысып, көпшілік қуанышына ортақтасты. Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңір жетістіктеріне тоқталып өтті.

– Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды, баспанамен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд 100 млн теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2500-ден астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланса, бүгінде 1114-і сатып алынды.
Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, биыл жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғаятын болады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында Сырдария ауданында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін міне, аудан бойынша 12 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, сіздерге салтанатты түрде берілгелі тұр. Мұндай әлеумет үшін маңызды бастамалар әрі қарай да жалғасатын болады, – деген облыс әкімі өңірде және аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды істер жөнінде айтып өтті.

Одан кейін елдің бірлігі мен тірлігін сақтауда белсенділік танытып жүрген ел ағалары мен жаңа тұрғын үйлердің құрылысын сапалы жүргізіп, ел игілігіне табыстауда үлес қосқан сала мамандары, құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ облыс әкімі бірқатар қоныстой иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты іс-шарада Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ибрагим Сражадинұлы ақ батасын берді. Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті.

Баспаналы болу әрбір жанұяны жақсылыққа жетелеп, барша қауымды қуанышқа кенелтетіні анық. Мемлекет басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өткен болатын. Халықтың аз қамтылған тобына баспана беру, қамқорлық көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағ­дарының негізгі басымдығы. Осы орайда Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында баспаналы болған жерлестерімізге қоныс құтты болсын айтамыз!

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
14 желтоқсан 2024 ж. 45 0