Еңбек ұжымдарында кезекті медициналық тексерістерден өтудің маңызы
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші, сауықтыру – ең дұрыс ем. Медициналық тексерістен өту арқылы аурудың алдын алуға да болады. Медициналық тексеріс құқықтық тұрғыдан да міндетті болып табылады, бұл анықтамасыз оқуға да, жұмысқа да қабылдамайды, тіпті қандай да бір елге баруға да тыйым салуы мүмкін.
Медициналық тексеріс не үшін керек?
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 90-бабына сәйкес азаматтар медициналық тексерістен өтуге міндетті. Медициналық тексеріс – бұл аурулардың, соның ішінде кәсіби аурулардың таралуын, улануларды, бақытсыз жағдайларды анықтауға және ескертуге, сондай-ақ қандай да бір шаруашылық және (немесе) бағытталған уақытылы медициналық қарау.
Медициналық анықтамалардың формалары
Медициналық тексерістер міндетті және профилактикалық болады. Міндетті медициналық тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:
Алдын-ала міндетті мединалық тексерістер мамандығы немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау мақсатымен жұмысқа немесе оқуда түсуде, сондай-ақ жалпы, кәсіби және инфекциялық, паразитарлық ауруларды ескерту үшін жүргізіледі;
Мерзімді міндетті медициналық тексерістер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін, жалпы, кәсіби және инфекциялық және паразитарлық ауруларды таралмауын уақытылы анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Өндіріс және шаруашылық қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімді медициналық тексерістен өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуі тиіс.
Міндетті мерзімді медициналық тексерістерді өткізу мерзімділігі:
Жыл сайынғы медициналық тексеріс – жылына 1 рет;
Ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының алдында 1 сағат және 30 минут бұрын.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден