Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Іштің қатуын қалай тоқтатамыз?

Іштің қатуын қалай тоқтатамыз?

Кесел көбінесе ішек-қарын, ұлтабар, бауырдың созылмалы аурулары салдарынан пайда болады. Тағамды уақытында дұрыс ішпеу, аз қимылдау да бұл дертке шалдықтырады. Ішек қатқанда адамның іші кеуіп, қатты ауырады. Қабылдаған асы сыртқа шықпай, ішектерін, асқазанын кернейді. Үлкен дәретке 2-3 күнде әрең отырып, кейде күнде отырғанмен ішек нәжістен толығымен босамайды, ішектің жарылып та кетуі ықтимал. Бір қарағанда көңіл аудармаса да болатын жеңіл-желпі ауруға ұқсағанмен, өмірге өте қауіпті. Іш қатуды мынадай тәсілдермен дәрісіз емдеген жағдайда аз уақыттың ішінде-ақ жан азабынан құтылып, сауығып кетуге болады

1. Алдымен мына қарапайым емдік тәсілдерді жалықпай, ұмытпай күн сайын орындаңыз:

а) түнде жатар алдында жаңа ұйытылған айранға бір ас қасық өсімдік майын қосып ішіп, 10-12 жібітілген қара өрік жеген дұрыс.

ә) ішектің қалыпты жұмыс істеуіне ақ нанға қарағанда қара нанның пайдасы мол.

б) көкөніс, оның ішінде қызылша, қырыққабатты көбірек жеу қажет.

в) таңертең аш қарынға бір кесе суық су немесе шырын ішкен жөн.

г) жаяу жүріп, дене шынықтырумен айналысу ішек қана емес, бүкіл ағза жұмысын ретке келтіреді.

2. Ұзаққа созылған іш қатуды мына дәрілік өсімдіктермен емдеуге болады:

Морт итшомырт (қабығы) 30,0

Қосмекенді қалақай (жапырағы)

20,0

Мыңжапырақ (шөбі) 10,0 Қайнатындының жарты құтысын күнде жатарда ішеді.

Пішеншөп (жапырағы) 60,0

Морт итшомырт (қабығы) 50,0

Мия (тамыры) 20,0

Киікотының ас қасық шөбіне бір құты қайнап тұрған су құйып, 15 минут қайнатады, 45 минуттан соң салқындатып сүзеді. Тұнбаны тамақтан 15-20 минут бұрын күніне 3 рет жарты құтыдан ішеді. Құрғақ киікотын майға қосса, жұпар иіс береді.


Бір ас қасық бақбақтың үгілген тамырына бір құты қайнап тұрған су құйып, 30 минут тұндырып, сүзеді. Жылы күйінде тамақтан жарты сағат бұрын 4/1 ішеді.

Үгілген қызыл мия тамырының бір ас қасығына бір құты қайнап тұр-ған су құйып, 30 минут тұндырады. Дайын тұнбаны сүзіп, бір ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.

Қара бүлдіргеннің 10 грамына қайнап тұрған бір құты су құйып, 15 минут тұндырады. Сүзіп алған соң бір ас қасықтан күнінен 3-4 рет ішеді.

Қара ырғайдың үгілген 20 г сабақтарына бір құты қайнап тұрған су құйып, 15 минут тұндырады. Тұндырманы сүзіп, бір ас қасық балмен араластырып, астан кейін 1/4 құтысын ішеді.

Кесіп алынған алоэ жапырақтарын екі жеті тоңазытқыштарға қояды. Сонан кейін сығып алып, бірдей мөлшерде балмен араластырып, жарты құтыдан таңертең аш қарынға ішеді.

2 шай қасық үгітілген бақбақтың тамырына бір құты суытылған қайнаған су құяды, 8 сағат тұндырып, 4/1 құтыдан күніне 4 рет тамақ алдында ішеді.

Бұл сырқатпен ауырғандар алма, қарбыз, қара өрік, апельсин, інжір жеміс-жидектерін көп мөлшерде жегендері дұрыс.
23 мамыр 2018 ж. 1 744 0