Вакцинация – жұқпалы аурулармен күрестің тиімді жолы

Барлық міндетті екпелер тіркелген жері бойынша тегін жасалады. Балаларға, ересектерге және эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес вакцинациялау қажет.
Екпе егу алдында сізге қажет:
Егу паспортын дайындаңыз. Егер ол болмаса, онда өткен вакцинациялар туралы біліңіз;
Вакцинация күнтізбесімен танысыңыз;
Егер вакцинация өткізілмесе, онда емдеуші дәрігер вакцинация кестесін жасауы керек;
Вакцинаның қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жанама әсерлері туралы ресми ақпарат көздерінен оқыңыз: Нұсқаулықты egu.kz сайтында оқи аласыз.
Вакцинация кезінде:
Дәрігер вакцинация алдында тексеру жүргізеді;
Анамнезді жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ескерту керек: вакцинаны алдыңғы енгізуге жағымсыз реакциялардың болуы, созылмалы аурулар, аллергия, жұқпалы аурудың өткір кезеңі;
Сіз дәрігерге вакцинация туралы кез келген сұрақ қоюға құқығыңыз бар;
Ата аналар вакцинацияға ақпараттандырылған келісімді ресімдейді;
Егуді мейірбике процедуралық кабинетте жүргізеді.
Ата-ана вакцинаны сақтау шарттарын тексеруге, қаптаманы тексеруге, өзімен бірге нұсқаулық алуға құқылы;
Егу паспортында: екпе егу күні мен орны; вакцинацияны жүргізген медицина қызметкерінің деректері; вакцинаның сериялық нөмірі мен сауда атауы жазылуы тиіс.
Егуден кейін:
Егуден кейін 30 минут ішінде жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада болу керек;
Ықтимал жанама әсерлер туралы біліңіз. Мысалы, ККП вакцинасынан кейін 7-10 күн ішінде бөртпе "вакцина аллергиясы" емес, вакцинаның қалыпты жанама әсері болып табылады, бұл сізді алаңдатудың қажеті жоқ;
Температура 38.5°C-тан жоғары көтерілгенде, оны түсіретін препараттар қолданған жөн;
Алғашқы бірнеше күнде әлсіздік вакцинациядан кейін жиі кездесетін жанама әсер болып табылады. Осы уақытта жүктемелерді шектеп, көбірек демалу жақсы;
Сырдария аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде 2023 жылдың 3 айында дүниеге келген нәрестелер саны – 78, балалардың барлығы өмірінің алғашқы 0-4 күні аралығында егілетін ВГВ – В гепатитіне қарсы әсерсіздендірілген вакцина және БЦЖ – туберкулезге қарсы тірі вакцинасымен алғашқы екпелерімен 100 пайыз қамтылды.
Аудан бойынша мақсатты 1 жасқа дейінгі балаларға жасалатын құрамында АбКДС-ИПВ-Hib-ВГВ – көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, B типті гемофильдік инфекцияға және В гепатитіне қарсы компоненттері бар аралас вакциналармен алғашқы вакциналық кешеннің аяқталуы (АбКДС3-ИП3-Хиб3-ВГВ3) 23,5 деңгейінде орындалды.

2 жастаға балалардың ВГА – А гепатитіне қарсы қосымша екпелерінің орындалуы ВГА 1 тур - жоспары 174, орындалғаны 179, 2 тур -158.
6 жастағы балалардың КПК – қызылша, қызамық, эпидпаротит, АбКДС-дифтерияға, сіреспе және көкжөтелге қарсы ревакцинациялауы 39,9 деңгейінде орындалды.
Ересектер арасында АДСМ – дифтерия, сіреспеге қарсы егу жұмыстары бойынша 16 жастағы жасөспірімдер көрсеткіш деңгейі -89,8, ал әр 10 жыл сайынғы 26, 36, 46, 56 жастағы ересектер тобының орындалу көрсеткініші 46,9 деңгейінде орындалды.
Құрметті ата-аналар! Есіңізде болсын. Сіздің балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияларды уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.
Гүлсім ТҮСМАҒАНБЕТОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
Фото: ашық дереккөзден