Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысында 70 жастағы зейнеткер такси жүргізуші болып жұмыс істейді

Маңғыстау облысында 70 жастағы зейнеткер такси жүргізуші болып жұмыс істейді

Маңғыстауда 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізуші болып жұмыс істейді. Осы аралықта зейнеткер 7 бала өсірген екен.


Зейнеткердің бүгінде 15 немересі бар екен. Сөзінше, бастапқыда ауыл ішінде ғана жолаушы тасымалымен айналысқан.

"Өмірде түрлі қиындықтар кездеседі. Маған да қиын кезеңді еңсеруге тура келді. Балаларым кішкентай еді, ал күйеуім жоқ. Балаларды асырау үшін көлік жүргіздім. Басында ауыл ішінде такси жүргіздім. Ол кезде мұндай қызмет жоқ еді, ауылдастар таңғалды. Төрт немесе бес жылдан соң Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым", – дейді ол.

Қазір зейнеткердің тұрақты клиенттері де бар. 24 жылдан бері бірде бір рет жол ережесін бұзбаған.

Гүлшара Жолдасбаева балаларына ұлттық тәрбие берген. Өз жұмысын да адал атқарады. Қазірге дейін зейнеткер 5 көлік ауыстырған.

"Әйелдерді мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін. Әлемде тек тыныштық болсын", – деп құттықауын жолдады зейнеткер.

09 наурыз 2024 ж. 148 0