Бас массажының пайдасы
Дұрыс орындалған массаж дауасы - тек ағза саулығының ғана
емес, сондай-ақ көтеріңкі көңіл- күйдің кепілі. Жиі істелінетін массаждың емдік қасиеттері жетерлік. Ол шаштың тамырларын берік қылады, шаштың өсуін тездетіп, бастағы қан айналымын реттейді, көңіл-күй мен жалпы денсаулық жағдайын жақсартады.
Бас массажын 4 кезеңге бөліп жасау керек.
1 кезең
Шаш жуғанда, басыңызды уқалаңыз. Массажға арналған май қолданып, 5-6 минут бойы оны басыңызға жағыңыз. Артынан шашыңызды ағаш тарақпен тарап шығыңыз.
2 кезең
Шашыңызды саусақтарыңыздың арасынан өтетіндей етіп қолыңызбен "тараңыз". Алақаныңызды шаштың ұштарына дейін апарғаныңыз жөн. Осындай қимыл нәтижесінде басқа қан жүгіріп, бастағы қан оттегіге қанығады.
3 кезең
Шашыңыздың түбінен ұстап, ақырындап тарта бастаңыз. Қимылдардың қарқынын арттырып, массаж соңында бәсеңдетіп аяқтаңыз.
4 кезең
Массаж соңында, шашыңызды тарақпен жақсылап тарап шығыңыз. Щетка-тарақты қолданғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, шашыңызды сағат тіліне қарсы айналдыра отырып тарағаныңыз жөн.
Бас массажы шамамен 10-15 минут уақытыңызды алады. Алайда, осы қысқа уақытта ағзамыздың ең маңызды мүшесі кәдімгідей тынығып қалады. Массаж бойыңызға жаңа күш беріп, ми жұмысын жандандырады.
Массаж майын таңдауға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Бас терісі құрғақ болса, қоректендіргіш сұйықтықтар қолданғаныңыз жөн. Басыңыздың терісі сезгіш болса, массажды теріні тыныштандырғыш сұйықтықтарды қолдана отырып жасауыңызға кеңес береміз. Жалпы, құрамында өсімдік майлары болатын бальзамдарды таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, өсімдік майының құрамы бастың май бездерінің құрамымен ұқсас болып келеді.
Бас массажы әдетте құрғақ шашқа жасалынады.
Бұл дауа бас теріңізге жаңа дем береді.

Пікір 2