Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Шетел азаматтары емханаға қалай тіркеле алады?

Шетел азаматтары емханаға қалай тіркеле алады?

15 қыркүйекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін сақтандырылған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері ішінен емхананы таңдай алады. Шетел азаматтарына қалай тіркелуге болады? Осы және басқа да сұрақтармен біз Қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке жүгіндік.

Спикердің ақпараты бойынша, еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері мен иммигранттарға медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратын шетелдіктерге – еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне (балалары мен жұбайларына) қатысты.

Жаңа қағидаларға сәйкес, бұл шетелдіктер емханаға ерікті медициналық шарт (ЕМС) немесе алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке жүктелген медициналық сақтандырушарты (ЖМС) негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.

Қор филиалының директоры түсіндіргендей, емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжатты (немесе шетелдік паспортты), ЕМС немесе ЖМС шартын тапсырады. Олардың заңды өкілі өтініш берсе, отбасы мүшелерінің келісімі қоса берілуі керек.  Өтініш беруші медициналық ұйымға өзі жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы жасайды. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі шарттың қосымшасында (ЕМС немесе ЖМС) көрсетілуі тиіс.

Айта кету керек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелуге болады.

ЕАЭО шартында шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқығы ғана емес, міндеттері де жазылған. Олардың қатарына ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық скринингтерден уақтылы өту, әйелдерді жүктілік бойынша уақтылы есепке қою (12 аптаға дейін), созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық байқау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, республикада тұрақты тұратындарға ғана көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек ала алмайды.

ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.

Медициналық көмекке қолжетімділіктен тыс қалмау үшін тіркелудің мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады. Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер науқасқа үйге бара алады.

«Науқан кезінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркеле отырып, азаматтар медициналық көмекті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі», –  деп түсіндірді Қор филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың https://fms.kz/kz/ сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

Фото: ашық дереккөзден
19 қазан 2023 ж. 73 0