Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денедегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Денедегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Кей адамдарға дезодоранттардың немесе әтірлердің иісі ұнамайды. Ал біреулердің парфюмерлік косметиканың кей түрлеріне аллергиясы бар. Күн ыстықта денеден жағымсыз иіс шықпас үшін не істеу керек?

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз

Су қалыпты тер бөлінуді және басқа да зат алмасу процестерін сақтайды. Солайша, жағымсыз иістің пайда болуына қарсы тұрады. Оған қоса, таза су ауыздан шығатын пияз, сарымсақ және кофе иісінен арылуға көмектеседі.

Жағымсыз иіс беретін тамақтарды жемеңіз

Сарымсақ, пияз секілді жағымсыз иіс шығаратын өнімдерді жемеңіз. Сондай-ақ кей өнімдер қарқынды тер бөлінуге әсер етеді. Оларға ащы бұрыш, дәмдеуіштер, шалғам жатады. Ыстық күндері тұзды азырақ жеп, суды көбірек ішіңіз. Сондай-ақ сүттен және кофеден бас тартқан жөн.

Сапалы сабын қолданыңыз


Жақсы сабын микробтардан қорғап қана қоймай, тазалық иісін ұзаққа дейін сақтайды. Егер қандай сабын таңдайтыныңызды білмесеңіз, оның құрамын оқыңыз. Оның құрамында табиғи майлар мен хош иістендіргіштер болуы керек.

Аяқ киімге арналған спрей сатып алыңыз


Туфлилер мен кроссовкалардан жағымсыз иіс шыққанын қаламасаңыз, аяқ киімге арналған спрей қолданып көріңіз. Сондай-ақ жабық аяқ киім киген кезде міндетті түрде шұлық киіңіз. Себебі аяқ киім материалы мен тері арасындағы реакция өткір жағымсыз иіс береді.

Денедегі түктерден арылыңыз

Қолтықтағы түк ылғалды ұстап тұрады және жағымсыз иіс береді.

Фото: ашық дереккөзден
11 маусым 2023 ж. 291 0