Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке тұлғаның банкроттығы: қазақстандықтардың өтінімі қалай тексеріледі?

Жеке тұлғаның банкроттығы: қазақстандықтардың өтінімі қалай тексеріледі?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандық азаматтың банкротқа ұшырағаны қалай тексерілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, азаматтан өтініш түскеннен кейін мемлекеттік органдарға сұраныс жіберіледі.

"Деректерді алатын 22 ақпарат көзі бар. Бұл жеті мемлекеттік орган мен алты ұйым, олармен интеграция жолға қойылды. Біз талаптарға сәйкестігін тексереміз. Егер азамат заңнамада көрсетілген барлық талапқа сәйкес келсе, онда 15 күн ішінде оның өтінішін бекітіп, тізілімге енгіземіз. Бірінші әдіс бойынша банкроттық туралы өтінішті қараудың қосымша тәртібі бар.

Жүйе әзірленді және қазір басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен сынақтан өтіп жатыр, наурызға дейін жүйе дайын болады. Қазір порталға өтінім үлгілері орналастырылды, азаматтар 8 ақпанға дейін танысып, өз ұсыныстарын айта алады, барлық түзетулер талқыланып жатыр. Бірақ тұтастай алғанда жүйе қазірдің өзінде дайын", - деп түсіндірді ОКҚ брифингінде Ержан Біржанов.
30 қаңтар 2023 ж. 456 0