Алғаш дауыс берушіге сый-сияпат табысталды

Ата- әжелеріміз елге, халыққа, келешек жас буын жастарға өз баталарын берді. "Алғашқы сайлаушы" болып ең бірінші келген Үмбетова Орынбасар анамызға сыйлық табысталды. Анамыз өзінің ақ батасын беріп, сайлауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мен ел анасы ретінде әр сайлауда алғаш дауыс беруге тырысамын. Бұл әрекетім арқылы жастарға үлгі болу мақсатым. 101 жасқан келген Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров өз таңдауын сайлау учаскесіне келіп, жасап жатқанда кейінгі буын бізде де, қарап қалмауымыз керек. Берекесі тасыған ауылымызда жастар, орта буын өкілдері, қариялар ел игілгі жолында үн қосуда. Біз жастарға үлгі болуымыз керек. Саяси науқан өз деңгейінде өтіп жатыр. Жергілікті халықтың қарасы қалың, – дейді Орынбасар Үмбетова.
Барша ауыл тұрғындарын сайлауға бірауыздан дауыс беруге шақырамыз. Саяси науқанда әрбір азамат үлес қосуға міндетті. Жергілікті уақытпен кешкі 8-ге дейін сайлаушыларға есік ашық. Айта кетейік, таңғы 6-дан бастап кезек күткен жандар баршылық.