Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек лагері ұйымдастырылды

Еңбек лагері ұйымдастырылды

25 қазан - Республика күні аясында облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында жасақталған "Жақаев ізбасарлары" еңбек лагері ұйымдастырылды.

Екі күндік еңбек лагеріне Сырдария ауданынан белсенді жастар қатысты.

Екі күнге созылған кең көлемдегі жоба өз мәресіне жетіп, аталған еңбек лагері аймақ жастарының жаңа қырынан танылуына жол ашты.

Еңбек лагері жастарға ұмыт болған ұлттық құндылықтарды ұлықтауды үйретті.

Жобада қатысушы жастар арасында "Серке тарту", "Нан жабу", " Күбі пісу" секілді бірқатар қазақтың салт-дәстүрлерінен сайыстар болды.

Сайыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз Калменова Гүлдана "Нан жабу" сайысында жүлделі ІІ-орынды иеленсе, "Серке тарту" сайысы бойынша Қайырбек Сейтжан жүлделі ІІ-орынды еншіледі.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Аудан жастарына сәттілік тілейміз. Биіктен көріне беріңіздер!

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
26 қазан 2022 ж. 542 0