Ересектер күніне 400 грамнан артық жеміс-жидек жемегені жөн - комитет
Саниятарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жаз кезінде ағзаны дәруменмен қамтамасыз ету жөнінде ақыл-кеңесін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәрумендер пайда әкелсін десеңіз, оны дұрыс пайдалана біліңіз. Жаз мезгілі ағзаны жаңа піскен табиғи жеміс-жидектермен, көкөністермен қуаттайтын маусымдық кезең. Жаз бойы алған азық бір жылға қажетті дәрумендер қорын қалыптастыра ала ма? Жеміс-жидектерді тұтынудың рұқсат етілген өз мөлшері бар: мысалы, ересектер күніне 400 грамға дейін жеміс жей алады. Көрсетілген мөлшерден артық тұтынуға болмайды, өйткені бұл тағамдардың барлығында органикалық қышқылдар бар, ал аш қарынға пайдаланған жағдайда асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін» деп ескертеді комитет.
Жеміс-жидектегі пайдалы заттардың ағзадан шығу кезеңі бар — біреуінде бұл өте қысқа, ал енді бірінде ол бірнеше айға созылады.
Атап айтқанда:
- натрий үшін бұл 2-3 күн;
- В1 дәрумені үшін 30-50 күн;
- С дәрумені 50-120 күн;
- РР, В2 витамині 60-180 тәулік;
- А дәрумені 90-365 күн;
- темір үшін - 125 күн (әйелдерде) және 750 күн (ерлерде).
- В1 дәрумені үшін 30-50 күн;
- С дәрумені 50-120 күн;
- РР, В2 витамині 60-180 тәулік;
- А дәрумені 90-365 күн;
- темір үшін - 125 күн (әйелдерде) және 750 күн (ерлерде).
Ағзадан шығару кезеңіне жеке физиологиялық қажеттіліктер де әсер етеді.
Жыл бойы теңдестірілген диетаны ұстаныңыз. Жазда көкөністер, жидектер мен жемістерді көбірек жеуге болады, бірақ бұл сізді жыл бойына дәрумендермен қамтамасыз етеді дегенді білдірмейді.
Витамин қорын жинап, пайдалы қасиетін жоғалтпай сақтаудың ең жақсы тәсілі - маусымдық жидектер мен көкөністерді мұздату.
Бұл тәсілді қолдана отырып сіз біріншіден, ақшаны үнемдейсіз, екіншіден қыста табиғи витаминдерді тұтына аласыз.