Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Сырдария аудандық прокуратурасы ұялы телефондар арқылы алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертеді.

Соңғы уақытта қылмыскерлер өздерін құқық қорғау қызметкерлеріміз деп таныстырып, «Жақын туысыңыз қылмыс жасады» деп хабар таратуда. Қандай да бір шара қолданбау үшін алаяқтар банк шотына ақшалай сыйақы аударуды сұрайды. Басқа жағдайларда қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, азаматтардың банктік шоттарын бұзуға немесе олардың атына несие алуға әрекет жасайды.
Бұзу әрекетін болдырмау үшін олар белгілі бір әрекеттер алгоритмін жасауды ұсынады, ұялы телефон нөміріне келіп түскен арнайы қорғаныс кодын хабарлауды талап етеді. Нәтижесінде, қылмыскерлер сенім білдірген адамдардың қаражатына қол жеткізе алады.

Біріншіден, Сіз ақша аударымдарын, күмәнді мәмілелер бойынша төлемдерді, прокуратура мен басқа органдардың (полиция, салық қызметі, банктер және т.б.) “қызметкерлерінің” өтініштері немесе талаптары бойынша жасамауыңыз керек.

Екіншіден, ешкімге өз жеке мәліметтеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударым түбіртектерін, әсіресе кодтар мен код сөздерін, тіпті прокуратура, полиция, банк және т.б. қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға да жіберудің қажеті жоқ.

Үшіншіден, жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сенуге болмайды. Тексерусіз (интернет-дүкен, адресат) алдын ала төлем жасаудың қажеті жоқ, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысуыңыз керек.

Егерде сіз интернет-алаяқтардан зардап шексеніз, сізден құқық қорғау органдарына хабарласуды немесе 102 қызметіне қоңырау шалуыңызды сұраймыз. Сіздерді сақ болуға және қырағы болуға және алаяқтардың әрекеттеріне берілмеуге шақырамыз.






Сырдария аудандық
прокуратурасы
28 мамыр 2022 ж. 300 0