Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның Құрметті азаматы

Ауданның Құрметті азаматы

Бүгін аудан әкімі М. Ергешбаев Сыр елінің тумасы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, «Qazaq» газетінің құрылтайшысы, «Марсель групп» компаниясының президенті, «Алтын жүрек», «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлықтарының және Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты, меценат Нәлібаев Махмұт Ыбырайханұлына аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

«Ат үстінде жүрген азаматтың жақсы атын халыққа сіңірген еңбегі шығарады» деген бар. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, республикаға белгілі кәсіпкер, Махмұт Ыбырайханұлының тікелей басшылығымен «Тереңөзек мұнай өнімдері» мұнай базасы заман талабына сай қайта жөндеуден өтті. Айдарлы елді мекеніндегі білім беру мекемелерінде «Туған жерге тағзым» акциясының аясында автокөлік, шағын автобус және компьютерлер сыйға табыстады, Айдарлы ауылдық мешітінің жаңа ғимаратын салып берген.

– Туған жер қашанда ыстық. Барша жерлестерімді келе жатқан әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз ырысты болсын. Қамбамыз астыққа толсын. Елге тек жақсылыққа, тойға келейік, – деді Махмұт Нәлібаев.

Аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы «Құрметті азамат» иегеріне ауданның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдіріп, елдің дамуына жасап жатқан еңбегі мен кәсібіне сәттілік тіледі.
21 наурыз 2022 ж. 349 0