Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Көізілдірік пен линзаның пайда болуы туралы қызықты ақпарат

Көізілдірік пен линзаның пайда болуы туралы қызықты ақпарат

Осыдан жиырма жыл бұрын көзілдірік таққан баланы мектепте "оқымысты" деп кемсітсе, бүгінде көзілдірік тағу таптауырынды әдетке айналды. Тіпті, сән үшін тағатындардың қатары көп. Бүгін алғашқы көзілдірік, оны алмастыратын линзалар қай уақытта пайда болғаны туралы ақпаратпен massaget.kz бөліседі:

Алғашқы асылтасты линзалар:

Алғашқы линзалар ертеде пайда болғанымен, оның қолданысы туралы деректер өте аз. Үлкен Плиний өзінің жазбасында Нерон гладиаторлар жекпе-жегін қырлы асылтас арқылы қарағанын жазған. Птолемей де "Оптика" атты ғақлиясында суретті үлкейту үшін дөңес линзаларды қолдану туралы пікірін білдірген.

Алғашқы көзілдіріктер

Көзілдірікті ойлап тапқан адам туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ, дереккөздерге сүйенсек, олар Италияда XII ғасырдың аяғында Пизада пайда болған. 1306 жылы сопы Джордано де Пиза өзінің уағызында "Көздің көруін жақсарту үшін қолданылатын көзілдіріктерді жасау өнерінің ашылғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Бұрын соңды болмаған өнердің дүниеге келгеніне аз ғана уақыт өтіпті. Көзілдірікті жасап шығарған адаммен кездестім, онымен тілдестім", – деп жазған. Бұл теорияға сенсек, жаңа өнер туындысының негізін қалаған Алессандро Спина. Ал, 1301 жылы Венецияда көзілдірікті сату ережесі пайда болған. Марко Поло Қытайға саяхатында көзілдірікті көргенін айтады. Бірақ, Азияда алғашқы көзілдірік XV ғасырда ғана пайда болған. Оған дейін Еуропа елдерінен импортталған. 

Алғашқы көзілдіріктер екі линзадан тұратын: ағаш, сүйек немесе металл жиектер арқылы жасалған. Имегі  болмағандықтан, оны қолға ұстауға тура келді. Кейін мұрынға тіреп қоятын мүмкіндік туды. Туынды даму барысында құлаққа жіп арқылы іліп қою мүмкіндігіне ие болды. Бірнеше уақыттан соң, имек қондырылып, бүгінгі қалыпқа келді. Заманауи көзілдірікке полимерлі материалдардан жасалған линза қолданады. 

Алғашқы жанаспалы линзалар: 

Көзілдірік адамдарға жақсы көру мүмкіндігін сыйлағанмен, иесі онымен еркін қозғала алмайтын еді. Көзілдіріктің имегі босап, түсіп кететіні, сынып қалатыны адамдарға жанаспалы линзаны ойлап табуға жол ашты. Бұл идеяны алғаш болып айтқандардың бірі – Леонардо да Винчи. Оның жазбалар мұрасынан суға толы шардың сызбалары табылған. Сонымен қатар, мұндай зерттеу жұмыстарымен Рене Декарт та айналысқан. Ол іші суға толы шыны құбырлардың жобасын сызған. Құбырдың бір шетіне үлкейтікіш әйнек орнатылса, екінші шеті көзге салынған. XIX ғасырдың аяғында неміс физиологі Адольф Гастон алғашқы болып шыны линзаларды оптикалық күш негізінде сипаттаған. Бір жылдан соң неміс ғалымы Август Мюллер мұны дайындап, емдік мақсат қолданған. XX ғасырдың ортасына дейін линзалардың органикалық шынылар арқылы жасады. Бірақ, ол киюге ыңғайсыз болатын. 60-жылдардың басында чех ғалымы Отто Вихтерле алғашқы жұмсақ жанаспалы линзаларды жасады. Тек XXI ғасырдың басында ғана силикон-гидрогельді жанаспалы линзалар қолданысқа енді.
03 қаңтар 2022 ж. 764 0