Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ас үйде пластик ыдысты қолдануға болмайды

Ас үйде пластик ыдысты қолдануға болмайды

Ас үйде пластик заттан жасалған ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықты қолдануға болмайды. Өйткені пластиктің құрамында зиянды химиялық қоспа бар, деп жазады qadam.asia.

Ғалымдардың айтуынша, пластиктен жасалған қасық-қазан, ожау-шөміш ағзаға улы, зиян. Өйткені ыдыс-аяқты пластиктен жасаған кезде, өндірушілер оны ыстық ас мен суға майыспай, еріп кетпес үшін әрі майлы тағамды ұстап тұруы үшін оған олигомер сынды заттарды қосады. Бұл полимерге ұқсас қоспа.

Бұл химиялық зат ыдысты ыстыққа төзімді еткенімен, өзі ыстық ас-су құйылғанда еріп, тамаққа қосылып кетуі мүмкін. Оның еруі үшін 70 градус ыстық жеткілікті.

Олигомердің ағзаға зияндығы біршама зерттеуде дәлелденген. In vitro технология арқылы тышқандарға зерттеу жүргізіп көрген ғалымдар аталмыш зат бауыр мен ұйқы безі, тоқ ішек қатерлі ісігін тудыруы мүмкін деген қорытындыға келген. Сондай-ақ, адамның бала сүю мен ұрпақ қалдыру қабілетіне де зиянын тигізетін көрінеді.

Германияның Тәуекелді бағалау федеральды институтының зерттеушілері олигомерден жасалған ыдыстарды тексеріп, ыстыққа төзімділігін байқап көрген екен. Зерттеуге пластиктен жасалған 33 ыдыс алған. Соның үштен бір бөлігі олигомерді күнделікті қалыпты нормадан көп бөлетінін анықтаған. Мамандардың айтуынша, мұндай ыдысты қолдануды тоқтатпаған адамның ағзасына олимер көп жиналып қалуы мүмкін. Мұндай улы химиялық заттар түрлі аурудың себепшісі болуы ықтимал.

Сондықтан ғалымдар пластик ыдысты тек суық не салқын асты құю үшін ғана пайдаланған жөн дегенді айтады. Ал 70 градустан ыстық тағамды не суды құйып қажет емес.

Ал ең дұрысы ағаш не темірден, шыны мен болаттан жасалған ыдыс-аяқты алған жөн.
30 мамыр 2021 ж. 588 0