Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аралар жойылып кетуі мүмкін

Аралар жойылып кетуі мүмкін

Жыл сайын аралардың азайып келе жатқаны байқалады. Егер бұл үдеріс жалғаса берсе, жүз жыл ішінде аралар жойылып кетуі мүмкін. Бұның салдарынан ашаршылық туады. Бүгін кішкентай ғана жәндіктің адам өмірі мен табиғатқа қандай әсер барын massaget.kz талқылайды. 

Әлем мемлекеттері, соның ішінде Қытай, АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Канада сынды мемлекеттер соңғы жылдары араның азаю көрсеткішін байқаған. Америка Құрама Штаттарында 2018-19 жылдардың басында шамамен аралар колониясының 40%-ға азайғаны анықталған. Ал 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында Бразилия 500 мыңға жуық бал арасынан айырылған. Әлемде соңғы он жыл ішінде шамамен аралар саны 15 миллионға азайған.

АРАЛАР НЕГЕ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР?

Пестицидтер

Аралардың өліміне себеп болып отырған алғашқы нәрсе өсімдіктерді өңдеуге арналған пестицидтер. Химикаттар тек  зиянкестерді өлтіріп қана қоймай, араның денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, қазір май және жем алу үшін қолданатын өсімдік рапсты маусымына бірнеше рет неоникотиноидты пестицидтермен өңдейді. Ал, рапс гүлдерін аралар жақсы көреді. Олар өңделген гүлден кейін уланып қалады.  

2018 жылы Еуропа Одағы неоникотиноидтарға мораторий енгізді. Бүгінде ол пестицидтерді қолдануға тыйым салынып жатыр.   Ал Британ биологтары пестицидтер әсерінен түкті аралар мен шіркейлер ұйқыға кететінін анықтаған. Ол үшін араға неоникотиноид қосылған қантты шырын берген. Нәтижесінде аралар күндіз көбірек ұйықтайтын болған және бұрынғыдай белсенді болмаған. 

Климат өзгерісі

Орта температураның артуы аралардың жұмыс қабілетіне айтарлық әсер етіп жатыр: олар ұша алмайды, көлеңкеде жиі тынығады. 

Араларға мынадай тәжірибе жүргізген. Омартаның жартысын жылуды соратын қара түске бояп, қалганын ақ түске бояған. Нәтижесінде қара бөлігіндегі аралар толығым қырылып қалған. Сонымен қатар, температураның жоғары болу ерте гүлдеуге алып келеді. Сол себепті аралар гүлдерді тозаңдырып үлгермейді. Оның үстіне климаттың өзгерісі араларда әлі иммунитет қалыптасып үлгермеген паразиттердің тарауына себеп болады. 

Ара "коронавирусы"

Аралардың өздеріне тән сал ауруы бар. Вирус жұқтырған кезде аралар қатты дірілдей бастайды, ұша алмай, кейін өліп қалады. 2010 жылы АҚШ-та бұл дертпен 0,7% аралар популяциясы зардап шексе, ал 2014 жылы 16% пайызға артқан. Италиядан бұл вирустан зардап шеккендер саны екі есе артса, Қытайда төрт есе жоғары. Вирус жұқтырған араның белгілері тек алты күннен кейін ғана белгілі болады. Аралар арасында бұл вирусты тарататын Varroa тұқымдасына жататын кене екені белгілі болған.

АРАЛАР ЖОЙЫЛЫП КЕТСЕ НЕ БОЛМАҚ?

Біздің тамағымыз бен араның арасында не байланыс бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, ара тозаңдыруға қатысады, яғни өсімдіктердің көбеюіне себеп болады. Егер аралар жоғалса, онда біздің тамақ мәзіріміздегі көкөніс пен жемістер, май да жоқ болады.  

Қияр, пияз, паприка, куркума ең бірінші болып жойылады. Ара рапс пен сояға да әсер етеді. Олардан табиғи май, соус алады. Күнжітті де қатарға қосып қойыңыз. Әдетте сиырды тамақтандыру үшін аралар арқылы көбейетін жоңышқа пайдаланылады. Әрине, оны басқа өніммен алмастыруға болады. Дегенмен сиырлар сүтті әлдеқайда аз береді. Тозаңданусыз біз алма өнімінің басым бөлігінен айырыламыз. Араларсыз фермерлер сұранысты қанағаттандыра алмайды. Құлпынай, қарақат өнімдерінің өсу көрсеткіші күрт төмендейді. Қазір әлемдегі ең сұраныс жоғары өнім кофе де өндірісін тоқтатады.  

Азық-түлік мәдениетінің 75% тозаңданумен тікелей байланысты. Ал 90% жабайы өсімдіктер ара, қоңыз және көбелектерсіз көбейе алмайды.  

Сонымен қатар, медицина, косметика және мата саласы да арамен тығыз байланысты. Ара ара желімі, бал және балауыз өндіреді. Мақта өнімінің көрсеткіші де арамен байланысты. Тозаңдану үрдісінің маңызы соншалықты, кейбір мемлекетте омартышыларды жалдайды. Аралар тегін жұмыс істегенімен, оның экономикалық құндылығы жоғары.

23 мамыр 2021 ж. 607 0