Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәруменнің адам ағзасына зиянды болуы мүмкін бе?

Дәруменнің адам ағзасына зиянды болуы мүмкін бе?

Ағзаға пайдалы, ең қажет өнім мен азықтың өзі адамға зиянын тигізуі мүмкін. Ал дәруменнен адам зиян шегуі мүмкін бе? – деп жазды Мassaget.kz

Иә, мүмкін. Ғылыми тұрғыдан дәрумен дегеніміз – ағзаның өсуі мен денсаулықты қалыпты жағдайда ұстап тұруға көмектесетін түрлі органикалық заттар.  Дәрумен, аты айтып тұрғандай, адамға өте қажет. Жетіспесе, денсаулық кемшін болады. Ал артып кетсе ше? Онда адам улануы мүмкін. Мұны гипервитаминоз дейді. 

Витамин қажет екен деп үнемі жей беруге болмайды. Өйткені адам дәруменді тағамнан алады. Жеткілікті ала ма әлде аз ба – бәрібір. Белгілі бір мөлшерде алатыны хақ. Сондықтан диетаны ұқыпты ұстап, қажет тағамды орнымен жеп жүру қажет.

Ағзаға дәруменнің көлемі белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Одан асып кетсе, онда түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Мәселен, D дәрумені ағзада көбейіп кетсе, сүйектегі кальцийді шайып кетуі ықтимал. Содан сүйек сынғыш, шытынағыш келеді.

Ал А витамині көбейіп кетсе, шаштың түсуіне, бауырдың қабынуына, бас ауруына шалдығады. С дәруменін көп ішіп қойған адамның жүрегі айнып, диареясы қозуы, асқазан құрысуы мүмкін. D витамині көбейіп кетсе де, адамның іші жиі өтіп, бұлшықеттері ауруы мүмкін.

Адам витаминді одан да көп жеп қойса, онда уланады. Бұл сирек болатын құбылыс. Бірақ болады. Мәселен пандемия кезінде коронавирусты тоқтатуға D дәрумені көмектеседі екен деген ақпарат кең тарап, одан улану, ауруханаға түсу жағдайы жиіледі.

Сондықтан дәрумен ішкіңіз келсе, онда күнделікті норманы ұстану қажет. Оны дәрігер мен диетологтан сұрауға болады.

28 ақпан 2021 ж. 708 0