Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 42 газет

06 маусым 2020 ж.

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Компьютер алдында қалай дұрыс отыру керек?

Компьютер алдында қалай дұрыс отыру керек?

XXI ғасырдың проблемасы – кеңсе жұмыскерлерінің денсаулығы. Қызмет уақытының басым бөлігін компьютер алдында өткізуге мәжбүрлеп, бір орында отыруға итермелейді.

Алдымен компьютер алдына отырғанда қолыңызды созыңыз. Өйткені көзіңіз бен компьютердің арақашықтығы 50 сантиметрден көбірек болғаны жөн.

Бүгінде компьютерге қарағанда ноутбукқа сұраныс артты. Үстелдің үстіне қойсаңыз да, диванға қойсаңыз да астына міндетті түрде арнайы тіреуіш қоюды ұмытпаңыз.

Монитор биіктігінің көзіңіздің тұсына икемдеп орналастырыңыз. Бұл көзіңіздің тез шаршамауына және түзу отыруға себеп болады.

Әр жарты сағат сайын көзіңізге демалыс беріңіз. Алыс қашықтықтағы заттарды қарап, назарыңызды түрлі заттарға аударыңыз. Қажет болса көзге арналған түрлі жаттығуларды жасаңыз.

Аракідік орныңыздан бір тұрып, арқаңыз бен қолыңызды созып, жаттығу жасаңыз.

Антибликті көзілдірік жұмыстың өнімділігін 30%-ке арттырады екен. Сол себепті көзілдірік таңдарда блик жарыққа қарсысын алыңыз.

Компьютер алдында ұзақ отырған соң арқамыз жиі ауырады. Бұл дұрыс отырмаудың салдарынан. Сол үшін өзіңізге ыңғайлы орындықты таңдап, компьютердің орналасу биіктігін жөндеп алыңыз.

Сағатына бір мәрте таза ауаға шығып, бойыңызды сергітіп тұру артық етпейді. Компьютеріңізге еске салатын арнайы оятқыш-қосымшаны жүктеп алыңыз. Уақыты келгенде көзге жаттығу жасау не серуенге шығуды есіңізге салып тұрады.



23 мамыр 2020 ж. 45 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам