Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

№ 38 газет

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Екпесіз баланы балабақшаға қабылдау шарты

Екпесіз баланы балабақшаға қабылдау шарты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті вакцинацияның мәжбүрліден айырмасын және балабақшаға екпе салынбаған баланы қабылдау шартын айтты, деп хабарлайды baribar.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе егуге ешкімді мәжбүрлемейтінін айтты.

Екпе адам өмірін сақтап қалатындықтан міндетті саналады, бірақ бұл біз адамдарға күштеп екпе саламыз деген сөз емес. Тек сот шешімімен ғана мәжбүрлі ем қабылдатуға болады. Кодекс жобасы бойынша кез келген азамат кез келген медициналық көмек алуына немесе одан бас тартуына болады, – деді министр.

Елжан Біртанов балабақшаға екпе салынбаған баланы қабылдау шарты туралы да айтты. Оның айтуынша, екпе салынбаған балада инфекция болып, ол балабақшадағы қатарластарына жұқтыруы мүмкін.

Біз екпе салынбаған баланы өзгелерге қауіп тудырмас үшін балабақшаға қабылдамауды ұсынғанбыз, бірақ бұл норма қабылданбады, – деді министр.

Кодекс балабақшасында екпе салынбаған бірнеше бала болса, келесі екпе салынбаған баланы қабылдамауға мекеме директорына құқық береді. Бұл кодекс жобасын Президент мақұлдаса, мектепке дейінгі мекемелердегі індет үшін сол ғимараттың директорлары жауап береді.

Балабақшада екпе салынбаған бала көп болса, бұған басшылық жауап береді. Бұл әсіресе көп қадағалана бермейтін жекеменшік балабақшаларға қатысты. Біз бар болғаны ауру түрі бойынша ұжымдық иммунитет деңгейін белгілейтінімізді айттық. Ол бойынша екпе салынбаған белгілі бір бала санын балабақшаға қабылдау рұқсат етіледі. Кодекс қабылданған соң әр ауруға қатысты ұжымдық иммунитет деңгейі белгілі болады, – деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, елде балалардың 95-97%-і екпе салдырса, 3-5%-і салдырмайды.


21 мамыр 2020 ж. 69 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам