Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балшық та табиғи ем

Балшық та табиғи ем

Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Бұл бояу қыш (керамика) бояуы деп аталған. Бірақ балшық бояу бұдан ертеде, алғашқы дәуір тайпаларында жасалған болатын. Олар дұшпандарын қорқыту үшін және кейбір ғұрыптарды атқару үшін денелерін түрлі-түсті балшықтармен бояп алатын болған. Осы күнге дейін балшық бояулардың негізі ретінде пайдаланылады және әзірге оны алмастыратын материал табылған жоқ.
Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.
Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған.
Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Емшілер қандай кірпішті қолдануды, қандай дұға оқуды жақсы білген. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған.
Солтүстікте балшықты өздерінше пайдаланған. Чукчалар мен коряктар ақ балшықты тамаққа пайдаланған және оны жер май деп атаған. Бұл «майды» сорпаға қосып, «кәмпит» жасау үшін де қолданған. Сүт құйылған ыдысқа бір қасық балшықты салып қойса, сүт тіпті ыстық күнде де бірнеше күн ашымай тұратын болған.
Ал мысырлықтар балшықты мәйітті бальзамдау үшін пайдаланған. Олар сол кездің өзінде-ақ балшықтың күшті антибактериалық қасиеті бар екенін білген, өйткені балшықтың құрамында радий болады, ол біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады.
Орта ғасырларда балшықтың кішкене кесегін сусындарға тастап, оларды стерилдеу үшін қолданған. Індет ауру кезінде балшық бактерия жойғыш құрал ретінде жүрген. Түрмелерде, әскери бөлімдерде және басқа қоғамдық мекемелерде балшық ұнтағы үнемі болған, оны қандай да бір жұқпалы аурудың пайда болуы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден қабылдай бастаған. Ал кемелерде балшықты ағзадағы жетіспейтін заттардың орынын толтыратын витамин ретінде қабылдаған.
Денені бұлай тазарту балшықпен жұмсақ материал ретінде жұмыс істеу барысында жүзеге асырылған. Өнер жан үшін ең үздік ем. Сондықтан да балшықпен емдеу барған сайын кең тарап бара жатыр.
Балшықтың құрамы мен түрлері
Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұр және қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.
Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жасыл балшықта – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.
Сары балшық – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.
Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.
Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.
Қызыл балшық – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшық болып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.
Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.

Балшық және оның емдік қасиеттері
Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.
Балшықтың басты емдік қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады.
Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Бұл радиоактивті элементтің үлкен күшке ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус және микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады.
Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады. Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Емдік құрал ретінде балшықтың өзін де, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады.
Ішуге арналған балшық ерітіндісін дайындау. Балшық ерітіндісін дайындау қиын емес. Бір стакан су мен бір ас қасық балшық алып, балшықты суға сеуіп, ағаш қасықпен араластыру керек. Қасық металл емес, ағаш болуы керек. Өйткені метал емдік балшықтың құрылымы мен оның емдік қасиеттерін бұзады. Ерітінді дайын, енді оны ішуге болады. Қабылданатын сұйықтықтың мөлшері әр адам үшін жеке анықталуы керек.
Сұйықтықты ішіп болғаннан кейін, түбіндегі шөгіндіні төгіп тастау керек, оның ем үшін қажеті жоқ. Ерітіндіні қабылдап бастағаннан кейін шамамен бір апта өткесін, ағзаңыздан қалдықтардың шығып жатқанын өзіңіз де байқайсыз. Бұл бүйректегі және зәр шығару қабындағы еріп, сыртқа шығып жатқан тастар.
Балшықты сыртқа пайдалану. Құрғақ балшықты ұнтап, бөтен қоспалардан тазарту керек, сосын аузы кең ағаш немесе қыш ыдысқа саласыз. Сұйықтық негізгі массадан екі сантиметрге асып тұратындай етіп, су құю керек. Енді балшықты біраз уақытқа қоя тұрыңыз, бұл оның суды сіңіруі үшін қажет. Бұл процесті балшықты үнемі араластыра отырып, ішіндегі қатты түйіршіктерді езу арқылы жеделдетуге болады. Масса біркелкі болып, ақпайтын болған кезде, оны теріге жағу үшін пайдалан беруге болады. Егер емнен кейін біраз балшық қалатын болса, оны тастаудың қажеті жоқ. Қыш ыдысқа салып, аздап су құйып қойып қойыңыз, осылай ол біраз уақытқа дейін сақталып тұра береді.
Таңу үшін балшықты жүн матаға салады, қабаттың қалыңдығы 4 см-дей болуы тиіс. Негіз ретінде жүн матаны алады, себебі ол балшыққа жақсы қосымша бола алады. Таңғыш үшін сапасы жақсы балшықты алып, оны күнге кептіреді, қысты күні оны кез келген жылу көзінің қасына қойып жасауға болады. Жартылай дайындалған балшықты пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол суда дұрыс ерімейді.
Таңуға дайындаған сұйық балшықты ауырған жерге басу үшін де пайдалануға болады. Оны екі қабат етіп бүктелген кенеп, мақта-мата немесе жүн матаға салып, жайып тегістеу керек. Балшық қабатының көлемі үш сантиметрден артық болуына тырысу керек, және балшық массасы ақпайтындай болсын. Таңар алдында ауырған жерді ылғал дәкемен сүртіп, сосын матаны салып, жылжымайтындай етіп дәкемен байлап тастау керек.
Бұндай таңғышты ек-үш сағаттай ұстау керек. Бұл уақыт ішінде балшық қалдықтар мен барлық зиянды заттарды сорып үлгіреді. Егер таңғыш кеуіп тартып тұрса немесе ауырған жердің температурасы көтерілсе, таңғыштың кеуіп қалғаны, оны жаңасына ауыстыру керек. Таңғышты алғаннан кейін жарақатты және ауырған жерді шайып жуу керек. Таңғыштармен емдеу курсын бастағаннан кейін оны аяғына дейін жеткізу керек. Яғни толығымен жазылып кеткенше, тағы да біраз ем жүргізу керек. Бұл ауру адамға күш беру үшін керек.
Таңғыш жасағанда тек суық балшықты ғана пайдалану керек, өйткені ыстық (ысытылған) балшық өзінің емдік қасиеттерін жояды. Таңғышты тәуліктің кез келген мезгілінде салуға болады, тек асқазан мен кеуде тұсына тек тамақтаннан кейін бір сағат өткесін ғана басады.
Балшық суынан клизма жасау. Асқазан-ішек жолдарының көптеген ауруларын емдеу үшін балшық суынан клизма жасайды. Бұндай клизмалар былайша жасалады: су құйылған шыны ыдысқа төрт ас қасық құрғақ балшық ұнтағын салады да, оны күнге қойып қояды. Жарықта бірнеше сағат ұстағаннан кейін ерітіндіні әбден араластырып, сүзіп, содан кейін суық суымен бірге клизмаға құяды. Үлкен дәретке барған сайын бір стакан таза суға аздаған лимон шырынын немесе кішкене балшық қосып ішу керек. Бұл шараны төрт рет қайталаңыз да, содан кейін үш күн үзіліс жасаңыз. Бұндай емнің жалпы ұзақтығы аурудың жағдайына қарай анықталады.
Балшықты дайындау және сақтау. Ертеде балшықты шұңқырлардан, қазылған құдықтардан алатын болған. Алып келіп, тегіс жерге қойып, аяқтарымен басып, тастардан тазартатын болған. Одан балшық айналма шығырға салынып, бұйым жасалған. Одан кейін бұйымды пеште қыздырып, түрлі-түсті балшықтардан жасалған бояулармен бояған.
Қазіргі уақытта балшықты дайындаудың әдісінің бұдан айырмашылығы шамалы. Әрине, құрамына қарай әртүрлі балшықтар қазір сирек кездеседі. Табиғи кен орындарына жақын жерде бірден қыш өндіретін фабрикалар мен зауыттар ашылады.
Бірақ емге жарайтын балшықты барлық жерлерден: жарылып кеткен жерлерден, бақтардан табуға болады. Кейбір аймақтарда балшық тіпті аяқ астында жатады, жаңбырдан кейін олар адам жүре алмайтын батпаққа айналады. Бұл балшық өте лас, қоспалары көп, бірақ астын үңгіп қазсаңыз, таза біркелкі қабаттарға да жетесіз.
Болгар емшісі Иван Йотов балшық туралы «бриллианттар жердің астында көміліп жатыр» деген. Балшықтарды көптен дайындап жүрген адамдардың айтуынша, балшық неғұрлым тереңіректен алынса, соғұрлым тазарақ болады. Себебі беткі қабаттар өзіне түрлі атмосфералық, соның ішінде қышқыл шөгінділерді сіңіріп алады. Сапалы балшық тек жұқа және тығыз болады.
Емдік балшықты дайындаудың өзіндік ережелері бар. Ертеден халық емшілері өзен-көлдердің қасынан балшық алатын болған.
Балшықты өзбетінше алғаннан кейін, әрине, оны одан әрі пайдалануға дайындау керек. Алдымен балшықты күн көзіне кептіріп алып, сосын ұнтау керек. Сосын оны електен өткізіп, түрлі қоспалардан, тастардан тазарту керек. Балшықтың дайындығы былайша тексеріледі: балшықтың азғантай мөлшерін сумен араластырып, одан шығыршық илейді де оны терезенің алдына кебуге қалдырады. Кепкеннен кейін ол жарылмауы керек. Егер жарықтар болса, ондай балшықты ем үшін қолданбаған дұрыс.
Дайын балшықты ағаш немесе шыны ыдыста ылғалданбайтын жерде сақтау керек. Балшықты металл ыдысқа салуға мүлдем болмайды. Онда олар уытты элементтерге айналады, тез кеуіп, өзінің тиімділігін жоғалтады. Балшық салынған ыдысты газдалған, лас жерлерден аулақ, көлеңкенің астында аузын ашық ұстаған жөн. Суық түсер алдында балшықты бірнеше сағатқа күнге қойып қояды, бұны балшықты пайдаланар алдында да істеу керек.
Балшыққа қосу үшін ерітілген суды немесе хлорсыз бұлақ суын пайдаланған жақсы. Егер бұндай суға қол жеткізу мүмкін болмаса, өзіңізде бар суды тазалап дайындап көріңіз. Бұл үшін суды пластик бөтелкелерге құйып, мұздатқыштарға салып қояды. Бөтелкеде жүзіп жүрген мұзды көрісімен-ақ суын құйып алып, мұзды лақтырып тастаңыз, өйткені сол мұзда барлық зиян заттар шоғырланады.
Ұзақ сақтау үшін көк балшықты дайындау әдісі өзгешерек. Оны тазаламай, бірден аздап ылғалдандырып, жаңғақтың көлеміндей етіп, шар илейді. Шарлар дайын болған кезде оларды жалпақ табаққа салып, күні бойы күн көзінде қалдырады. Кешкісін күн қуатын өзіне сіңірген балшықты ағаш қорапқа салып, құрғақ жерде сақтайды. Ол сізге қажет болған кезде, шарды қаймақтың қоюлығындай етіп жұмсартып, қажетінше пайдаланасыз. Балшық шыланған суды төгіп тастаудың қажеті жоқ, өйткені ол да емдік қасиеттерге ие. Оны шомылар кезде ваннаға құйып немесе жай ғана жуынуға болады.
Егер сіздің өз бетіңізше балшық дайындау мүмкіндігіңіз болмаса, оны дәріханадан сатып алуға болады. Сондай-ақ ол гүл сататын, косметика сататын дүкендерде де болады. Ондай балшықтар стерилденген, арнайы өңделген, сондықтан оны бірден дайын маска ертінде немесе дәрі дайындау үшін негіз ретінде пайдалана беруге болады.
15 желтоқсан 2019 ж. 866 0