Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гаити халқы балшық жеуде

Гаити халқы балшық жеуде


Әлемдегі ең кедей елдің бірі болып саналатын Гаитиде минералға бай балшық күнделікті тамақтың бір түріне айналған. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Жергілікті тұрғындар саз-балшыққа тұз бен май араластырып қытырлақ печеньеге ұқсас тағам жасайды. Тіпті оны дайындайтын арнайы орындар да бар. Балшықты тамақ ретінде пайдаланатындар – негізінен тұрмысы төмен отбасылар.
«Менің күріш сатып алуға мүмкіндігім жоқ. Сондықтан осы балшықтан жасалған тағамды жеймін. Бір келі күріш АҚШ долларымен санағанда 60 цент тұрады. Мұндай ақша бізде қайдан болсын», - дейді ел тұрғыны Моника Рема.
Ал БҰҰ мәліметіне қарағанда Гаитиде 5 миллионға жуық адам ашқұрсақ жүр. Бұл – елдегі халқының тең жартысы. Соңғы үш жылда мемлекетте инфляция шарықтап, азық-түлік бағасы қымбаттаған. Салдарынан билікке қарсы наразылық шаралары да жиіледі.
10 наурыз 2019 ж. 862 0