Негативті шығару жолы қалай?
Бізде қоғамда ледиларға өздерінің эмоциясын көрсетуге болмайды деген ұстаным бар. Шын мәнісінде практика бойынша қалай іске асатынында білмейміз, себебі, іште сақталып жүрген ашудың да бір күні шығатыны да белгілі. «Не істесек болады?»,-деген сұраққа сізге 7 жеңіл кеңес ikerim.kz ұсынады.
1. Далаға шығып серуендеп келуге тырысыңыз.
Егер де ашуыңызды шығарғыңыз келгенін сезіп тұрсаңыз, серуендеу арқылы адреналинді тастап, өзіңізді ауыр жүктен құтылғандай жайлы сезініп келген тиімді. Ренжігіштерге жауап бермеңіз. Ең дұрысы жай ғана «жылдам жүгірумен» серуендеу.
2.Алдын ала стресстік жағдайларға дайын болыңыз
Негатив жинамау үшін оның сізге кірмеуін қадағалау. Сондықтан алдын ала жаттығып, өзіңізді дайындай беріңіз. Тыныс алу, медитация және т.б. тәжірибесін үйреніңіз.
3. Ашуға берілмей, спортпен айналысыңыз
Кез келген спортпен айналықан кезде ағзадағы стресс гормондарын қуып, бақыт гормондарының деңгейін айтарлықтай арттырады. Сондықтан, егер сіз стрессті қоршаған ортаға таратпай құтылғыңыз келсе, спорт залына барып агрессияңызды шығарып алыңыз.
4.Ойлануға және демалуға уақыт беріңіз
Жағымсыз эмоциялар сізді қысымда ұстаған кезде демалуға мүмкіндік бермейді. Бір күнде бір рет проблемалы және теріс ойдан мүлдем ажырату үшін өзіңізге кем дегенде 15 минут бөліңіз, өзіңізді жақсы нәрсе туралы ойлауға үйретіңіз.
5.Хобби табыңыз
Мидың тек негатив емес, басқаға да назарын бұру үшін сізге жаныңыздың қалайтын іс-әрекет жасауыңыз қажет. Өзіңізді жағымсыз эмоциялардан алаңдататын сүйікті сабақ, хобби табыңыз. Хоббиіңізге көбірек көңіл бөліңіз және оны кейін қалдырмаңыз.
6.Хат жазыңыз немесе диктофонға жазба жазыңыз
Егер сіз өмірге, адамға, ұйымға наразылығыңыз болса, оларды жинамаңыз. Хат жазыңыз немесе диктофонға барлық ішіңізде жиналған барлық қарсылығыңызды жазсаңыз болады. Жібермеңіз, жай ғана іштей жинақталған негативті диктофонға жазу арқылы шығарып алыңыз. Сіз айқайлап, жылап, тіпті парақты жұла аласыз ең бастысы, эмоцияның шығуына ерік беріңіз.
7. Обстанованы өзгертіңіз
Әрине,бір күн болсын басқа жаққа шығып, обстановканы өзгерткен жақсы. Бірақ мүмкіндік болған жағдайда күнделікті жаңа бір әдет қосуыңызға болады. Мысалы, үйіңізге басқа жолдармен барыңыз, кітап оқуды бастаңыз немесе лифт қолданудың орнына баспалдақтар бойынша көтеріліңіз. жұмыстан үйге жаңа жолмен барыңыз, жаңа кітапты оқып бастаңыз, немесе баспалдақпен жаяу көтеріңіз орнына лифт пайдалану. Ең бастысы, сіздің стресстің тұйық шеңберінен сәл қашу
Берілмеңіз, бәрі ойдағыдай болады!