Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алдағы күндері ауа температурасы салқындайды

Алдағы күндері ауа температурасы салқындайды

Синоптиктер 8-10 қазан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде ауа температурасы нормадан 4…9°С-қа жоғары әрі күн ашық болды.

Бірақ Еділ маңы аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Сондықтан алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы өзгере бастайды.

«Алдағы тәулікте батыс облыстарда күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады және ауа температурасы төмендейді.

Солтүстік-батыс өңірлерде 9 қазан, солтүстік және орталықта 10 қазан күні жаңбыр себелеп, найзағай жарқылдауы мүмкін. Ауа температурасы салқындайды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан шығысында күн әлі де жауын-шашынсыз, жылы болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда, әсіресе тау мен тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.


07 қазан 2019 ж. 443 0