Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » E-Joldar: Жол саласы бірыңғай цифрлық жүйеге көшіп жатыр

E-Joldar: Жол саласы бірыңғай цифрлық жүйеге көшіп жатыр

Елімізде енді жол саласына қатысты ақпаратты «E-Joldar» бірыңғай цифрлық экожүйесі арқылы білуге болады.

Жаңа платформада автомобиль жолдары, құрылыс және жөндеу жұмыстары, қолданылған материалдар, зертханалық сынақтар, жол бойындағы нысандар мен азаматтардың өтініштері туралы ақпараттармен қамтылатын болады.

Бірыңғай цифрлық жүйені құру идеясын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Бұл жүйе жол саласындағы қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

«E-Joldar» арқылы автожолға немесе оның белгілі бір учаскесі туралы нақты мәлімет беріліп отырады. Мысалы, жолдың техникалық жағдайын, қашан жөнделгенін және қандай материалдар қолданылғанын көруге болады. Сонымен қатар, зертханалық тексеру нәтижелері де осы ақпаратта көрсетіледі. 

«E-Joldar»-дың артықшылығы түрлі платформалардағы ақпаратты бір жерге жинақтап, өзара байланыстырады.

Мысалы, «KazToll» ақылы жолдар туралы ақпарат береді. «JolBitum» және RCMBase қолданылған жол материалдары туралы деректерді көрсетеді. Ал «KazRoadLab» зертханалық сынақтардың нәтижелерін жүйеге енгізеді.

Сондай-ақ, «eOtinish» арқылы түскен азаматтардың жолға қатысты өтініштері де осы жүйеге байланыстырылмақ. Бұл жолдағы мәселелерді жылдам шешуге, жөндеу жұмыстары мен техникалық жағдай туралы ақпаратпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Ал «Sapar» жүйесі жол бойындағы инфрақұрылым туралы мәліметтерді толықтырады. Атап айтқанда, жанармай құю станциялары, демалыс орындары, тамақтану нысандары мен автотұрақтар көрсетіледі.

Платформада талдау жасауға да мүмкіндік қарастырылған. «RoadIQ» жолдың жағдайы, бұрынғы жөндеу жұмыстары және көлік қозғалысының қарқындылығы туралы ақпаратты талдайды. Бұл қай жол учаскесіне бірінші кезекте жөндеу қажет екенін анықтауға көмектеседі.

Осылайша, «E-Joldar» әр жолдың «цифрлық тарихын» бірге арнаға топтастырады. Онда жолдың салынуынан бастап, пайдаланылуы, жөнделуі және сапасын бақылау туралы ақпарат жинақталады.

Жалпы сала мамандары үшін бұл – жолдарды бақылау, талдау және шешім қабылдауға арналған құралға айналады. Сондықтан, «E-Joldar» жол саласындағы ақпаратты бір жүйеге біріктіріп, Қазақстанның жол инфрақұрылымын цифрлық басқару мен қадағалауға мүмкіндік береді.
01 қыркүйек 2026 ж. 33 0