Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баспана, денсаулық және білім: Қазақстандықтар несиені не үшін алады?

Баспана, денсаулық және білім: Қазақстандықтар несиені не үшін алады?

Қазақстандықтар несиені қандай мақсаттарға алатыны белгілі болды. Бұл туралы Экономист сарапшы Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында айтты, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша, қазақстандықтардың 10%-ы несие алады – азық-түлікке, 10%-ы – тұрғын үйді жөндеуге, ал 20%-ы ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсайды. Сонымен қатар, көп адамдар баспананы сатып алу, оны жөндеу, оқу мен медициналық қызметтерге несие рәсімдейді, – деді экономист. 

Қазақстан жаңа заңға байланысты емес, агенттік пен Ұлттық банк арқылы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі мен алаяқтықтан қорғанысын қамтамасыз етіп келеді.

Енді бұл жұмыс ортақ қаржылық омбудспен жүзеге асады. Омбудсмен – мемлекет бекіткен, халық пен банк арасындағы даулы мәселелерді шешетін арнайы тұлға. Былтыр банктік және микроқаржылық омбудсмен институттары енгізілген еді. Енді олар бірігіп, бірыңғай қаржылық омбудсмен ретінде жұмыс істейді.

Жыл басынан бері микроқаржылық омбудсмен 5 мыңнан астам, ал банктік омбудсмен шамамен 10 мың өтінішті қараған. Осы өтініштердің басым бөлігі – проблемалық қарыз мәселелеріне қатысты.

Фото: Арман Мухатов - архив

17 қараша 2025 ж. 254 0