Банктер тек халыққа несие берумен ғана айналыспай, экономикаға қаржы салуы керек

«Қазақстандағы банктердің қаражаты мен активтері дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылай тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар көтеріп жүр. Ұлттық банк пен үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табу қажет. Енді бұл мәседені созуға болмайды, шұғыл шешу қажет, – деп тапсырды президент
Осы мәселені шешу үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау туралы атап өтті.
«Бұл бағыттағы маңызды қадамның бірі – банктер туралы ел экономикасының қажеттелігін ескеретін жаңа заң қабылдау. Құжатта бәсекелестікті күшейту, нарыққа жаңа қатысушыларды шақыру мәселесін, финтехді дамытып, цифрлық активтерді либерализауиялы мәселесі қаралуы керек», – деп түсіндірді ол.
Фото: Ашық дереккөзден