Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары жалғасуда

- Арал теңізі құрғаған ұлтанының көлемі 4,5 млн. га құраса, оның 2,2 млн. га жері Қазақстан Республикасына тиесілі. Осыған сәйкес елімізде биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ұзақ мерзімді кешенді жоспар бекітілді. 2021 жылдан бастап, 2025 жылдың көктем мезгіліне дейін Арал теңізінің құрғаған табанындағы 790,9 мың гектарға сексеуіл көшеттері мен тұқымдары егілді. Жоспар бойынша осы жылдың күз айында 15 мың га жерге сексеуіл көшетін отырғызу, 85 мың га жерге тұқым себу жұмыстары жүргізіледі. Арал теңізі мәселесіне шетелдіктер мен халықаралық қорлардың назарын аудару, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды жобалар ел Үкіметінің және аймақ басшысының тікелей назарында екенін айта кеткен жөн. Осы мәселелер бойынша ауданға бірнеше мәрте үкіметтік делегация өкілдері келді. Тіпті әлемдік, халықаралық банктер мен қорлардың өкілдері экологиялық апат аймағында болып, теңізге деген жанашырлықтан туындаған әр бастамаға қаржылай қолдау беріп, жобаға жан бітіруге ынталы, - деді Аманжол Сақыпұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі